Бөлісу

Онлайн репортаж. Жоғары лига. Ширек финал. Бірінші топ


Гамарджоба, Жайдарман сүйерлер!) Көптен күткен ойынымыз да келіп жетті.
Онлайн репортажымызды бастайық, белгіленген уақыт және белгіленген орнымыздан, яғни дәл қазір Қазақстан Республикасы Астана қаласы Конгресс Холлдан. Бүгін өздеріңіз білетіндей, республикалық жоғары лиганың 1/4 финалдық сайыстарының алғашқы күні.
Көрермен күлуге, қазылар бағалауға, командалар ойнауға дайын 😉 😉
Сонымен, ойнайтындар:

«13 аймақ», Шымкент

 

«ҚазҰУ құрамасы», Алматы

 

«Күлтегін», Астана

 

«Аягөз жастары», ШҚО

 

«Байланыс жігіттері», Алматы


Қазылар алқасы құрамында:
Марат Достаев, Нұрлан Сыдықов, Мұрат Әбенов, Тұрсынбек Қабатов, Максим Рожин
Жалпы тақырып: «Әлем әдебиеті»
Сайыстар:  Сәлемдесу; Бейнесайыс;  Әзіл бәйге;  Көрініс (СТЭМ)
Ал, сәттілік! Біз бастадық!!!

«Сәлемдесу» сайысы

Тақырып: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»

«Аягөз құрамасы» Алғашқы бастады. Әдемі әнмен бастады. Адамдардың есімдерін өзгерту: ауылдық және қалалық нұсқада. Түнгі клуб ауылда. Әзілдер кетті: Тойдағы әншілердің ерекше қылықтары. Автобустағы ауылдан келген әжей. Ерте есейген баланың балабақшадағы «қызығы». Әнші балапан сайысында бірінші орын алған бүлдіршін. Тегін концерт, ұрттап алған ағамыздың кезекті концерті. Никотин туралы немесе фигурасы ат қыздарға арнау.
Нағыз ауылдық команда ретінде, нағыз ауылдық әзілдер. Зал жақсы қабылдады. 
«13 аймақ». Амангелді Қуатжанды ұйықтатып тастапты, бірақ біз ойлағандай емес)) Командаға қыз керек деген шешім қабылдайды. Көктем әсер етіп жатырған-ау шамасы. Тақпақ бар, әзіл бар. Украинаға барып келген жігіт. Соңында «ЗИЛ — Москва» тоңазытқышын қабылдап жатқан кісіге жолдау.
Өтімсіздеу болған секілді… зал тыныш.
«Күлтегін». Ән. Ерекше, өткенді сағындыратын ән. Әр машинада қосылатын он жылдай бұрынғы хит ән. Нұрлан мен Мұрат және «Каспий» тобы. Бұл топ өз бағытын өзгерткен, енді ескіні жаңғыртатын болады. Әзілдер: «Нұр Отанның» кезекті съезінен шығып келе жатқан студент; отбасы көркемфильм қарап отырғанда ұятты эпизодтарға әр отбасы мүшесінің «реакциясы»; әжелеріміздің махаббаты; хан тұратын үй — көпқабатты. Саяси отбасы-3. Соңғы сөз — Кәрім Мәсімовтың сөзі.
Жақсы. Ұнады көпшілікке. Кейбіреулерге қабылдау ауырлау болды.
«ҚазҰУ құрамасы». Ерекше би. Мұндай биді біз мүлде күтпеген ек. Уау! Командаға, тіпті, арнайы бишілер де алынған. Алғашқы әзіл үйіндегі филолог жайында. Марапаттау, қызығы кімді марапаттауында. Мұғалім таксист болған жағдай. Кинотеатр кассасы. «Чатаспасанчы, дос»-2. «Менің атым Қожа» фильміндегі Сұлтан өте-өте қатты өтірікші. Аялдамадағы жаңбыр. Соңында студенттік өмір жайында.
Өте жақсы… зал ішек-сілелері қата күлуде.
Бірақ, әлі де бірде-бір топ тақырыпқа сай ойнаған жоқ.

«Байланыс жігіттері» байланыста. Әскери жігіттердің әзіл шығаруы. Өз командалары туралы әзіл. Романтик әскери жігіт. Бұл романтика — ерекше романтика.
Ойынның ең үздік сәлемдесуі. Көрермендердің алақандары қызарды))
«Сәлемдесу» бойынша ұпай сандары:
«Аягөз құрамасы» 54543 4.2
«13 аймақ». 43431 3
«Күлтегін». 55545 4.8
«ҚазҰУ құрамасы». 54545 4.6
«Байланыс жігіттері». 55555 5

«Бейнесайыс»

«13 аймақ» Команда мүшелерінің бос уақытында айналысатын «тірліктері» туралы фильм.
«Күлтегін» Жазира мен Жанболаттың орындауындағы «Сен маған сүюді үйреттің» әні бейбаянның сюжеті әннің әр сөзіне сүйене отырып түсірілген нұсқасы.
«ҚазҰУ құрамасы» Команда табиғатқа демалысқа шығады. Қарапайым достар демалысы туралы түсірілім. Бірақ, қорқынышты фильм элементтерімен…
«Аягөз құрамасы» Көктем, махаббат, Аягөз. Көктем болғандықтан, махаббат оянуда. Ал, махаббатттың отаны — Аягөз.
«Байланыс жігіттері» Әскердегі қызықтар. Біз, яғни ешқашан әскерге бармағандар, білмейтін қызықтар. Әскерге барғандар біраз нәрсені естеріне алып отыр))

«Бейнесайыс» бойынша ұпай сандары:

«13 аймақ» 32333 2.8
«Күлтегін» 33344 3.4
«ҚазҰУ құрамасы» 43333 3.2
«Аягөз құрамасы» 43443 3.6
«Байланыс жігіттері» 43444 3.8

«Әзіл бәйге» сайысы

«Байланыс жігіттері» 21122 1.6
«Аягөз құрамасы» 21112 1.4
«ҚазҰУ құрамасы» 32233 2.6
«Күлтегін» 21122 1.6
«13 аймақ» 32222 2.2

Көрініс (СТЭМ)

Тақырып: «Иә бар, не жоқ»
«13 аймақ» Қуатжан жайдарманшыдан бұрын даяшы болған. Ол жұмыс жасайтын мейрамханаға сүйіктісі басқа жігітпен келеді. Махаббат. Махаббат. Эээххх… махаббат.
Біраз қызықтар болды. Біраз, біраз… дайындықтың аздығынан болуы керек мұның бәрі. 
«Күлтегін» Актёр қайда жүрсе де, актёр. Тіпті, үйінде де. Театр актерінің үйінде «Я бар, я жоқ» қойылымы. Актёр өзі сомдайтын рөлі үшін қатты уайымдайды. Сәт сайын қайталап
тұрады. «Кешіріңіз!» Әрі қарай спектакль жалғасын эфирден көріңіздер! «Кешіріңіз!»))
«Аягөз құрамасы» Баспана салып жатқан құрылысшылар. Өзгеге салғанда атүсті қарап, шала жасайды. Құрылысшылар арасындағы әңгімелер. Қызықты жерлері бар. Алайда, әлсіздеу. Бірақ, маңызды нәрселер айтылды.
«Байланыс жігіттері» Сүйіктісінің әкесімен танысуға келген жігіт. Қыздың әкесі әскер басшысы, ал басты кейіпкер әскерден қашып жүр… әрі қарай, өте қызық, ең бастысы күлкілі!
«ҚазҰУ құрамасы» «Ұлттық құрамадағы» үш дос естеріңізде ғой, әрдайым түрлі қызықтарға жолығып қалып жүретін?!)) Аманжан, Абылай, Бекзатты айтудамыз. Міне, кезекті қызыққа толы жәйт. Әлем әдебиетін тануды көздейді, ол үшін бүкіл әлемді тану керек. Бірінші Италиядан бастамақ… Италия астанасы Вашингтонға, ой, жоқ Римге жол тартады)) Әуежайда кездесіп, жол бойғы қызықтарын айтып, әңгімелесіп тұрады ғой. Осы кезде кейіпкерлеріміздің жүктері жоқ. Қызықтың көкесі енді басталды.
«ҚазҰУ құрамасы» көрініс жазудан үздік екендерін әлдеқашан дәлелдеп қойған. Тек бұл жолы тағы бір рет бұған көз жеткіздік. 
«Көрініс» сайысы бойынша ұпай сандары:
«13 аймақ» 55543 4.4
«Күлтегін» 45545 4.4
«Аягөз құрамасы» 44433 3.6
«Байланыс жігіттері» 55444 4.4
«ҚазҰУ құрамасы» 44545 4.4
Қазылар өз сөздері соңында ұсыныстар айтқан болатын, қысқа тоқталып кетсек:
Марат Достаев: жартылай финалға дайындалған командалардың өткені дұрыс.
Нұрлан Сыдықов: дұрыс қаратпа сөздерді қолдану керек.
Мұрат Әбенов: экономика тақырыбын да қозғасаңдар!
Тұрсынбек Қабатов: бұрынғы біз ойнаған КВН…))
Максим Рожин: сахнаны сезіне біліңіздер! Дайындықтың маңыздылығын ұмытпаңыздар!

ҚОРЫТЫНДЫ

Жартылай финалға тікелей жолдама алғандар:
ҚазҰУ құрамасы 14.8
Байланыс жігіттері 14.8
Күлтегін 14.4
Резервте:
Аягөз 12.8
13 аймақ 12.4

Ертеңге дейін!!!

Пікір қалдыру