Бөлісу

Онлайн репортаж. Жоғары лига. 1\8 финал. Төртінші топ

Сәлем, жайдарманшыл достар!

Бүгін соңғы сайыс күні. Республикалық Жоғары Лиганың 1/8 финалдық сайыстарының төртінші күні. Осымен 1/8 финалдық сайыстар аяқталады. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» дегендей, бүгінгі топтағы командаларға ойын оңайға түспесі анық. Дегенмен, жайдарман топтарына сәттілік тілеп, керемет ойын күтеміз. Кешке ойынға келіңіздер, келе алмайтындарыңыз үшін онлайн репортаж, мінекей)) Айтпақшы, бүгін резевтегі командалар арасынан қайсысы ширек финалға жолдама алатыны анықталады. 
Қатысатын жайдарман топтары: 

«Альянс» Семей

«Мұнай тамшылары», Жаңаөзен

«Байланыс жігіттері», Алматы

«Әдемі», Ақтөбе

«Абай даңғылы 8», Алматы

«Алғабасар», Жуалы


Қазылар алқасы құрамында:
Мұрат Әбенов
Максим Рожин
Ерлан Малаев
Марат Достаев
Нұрлан Сыдықов
Жалпы тақырып: «Халық ауыз әдебиеті»
Редактор сахнада. Шапалақтап жатқанымызды түсінген шығарсыздар, иә?!

Бір, екі,үш… Ал, сәттілік тіледік те, ойынды бастадық!

«Сәлемдесу» сайысы

Тақырып: «Қанекей, тілім, сөйлеші!»
«Байланыс жігіттері» Би. Иә, иә, бұл жігіттер де билейді екен. Әселге ғашық 14 жігіт. 8 наурыз мейрамы, алайда ол күні командадағы жалғыз ғыз Әселді емес, Оралханды туған күнімен құттықтау.
Тақырыпқа сай ойнамай өздері жайында ойнады, иә. Бірақ, Қасым Аманжолов айтқандай, «Өзге емес, өздері айтады өз жайларын».
«Әдемі» Ұлттық арнада «Әдебиет маусымы». Көріңіздер! «Әдемі» әдемі бастады… Әмбебап спортшы Сочида. Алматтың келесі сөзін «Маусымашар» эфирін көргендер ғана түсінеді: «Мереке, жыламашы!»
«Алғабасар» Бөлтірік шешеннің әңгімелері. Тісті дұрыс тіс пастасымен тазалау керек, «шіріген ауыздан іріген сөз шығады» деген. Ал, Жириновский пастасы сапасыз секілді.
Әдеттегідей, «Мүмкін емес, бірақ шындық», «ойын соңындағы аңыз».
Әзілдеріның деңгейлеріне көрермен әлі де дайын емес екен.
«Мұнай тамшылары» Батыстық әзілдер. Маңғыстау өңіріндегі көпшілікке белгісіз қос ғашық. Полиция қызметкерлері кейбір жағдайларда өз қызметтерін асыра пайдаланады екен, мысалы, банка ашу керек болса))
«Кинодағыдай күшті болғанын қалап едім ғой» көрінісі — 2.
Қазақстан қалаларын туған туыстарына теңесек: «Астана — ағамыз, Шу — жездеміз, Алматы -жеңгеміз, Шымкент — бөлелеріміз, Жаңаөзен — анамыз».
«Абай даңғылы 8» Жаяу Мұсаның аты ұрланған ба, әлде тартып алынған ба, әлде өзі сыйлай салған ба Шорманға?! Бірден әдебиеттен бастады. Брюс Ли Чак Норриспен төбелесіп қалған. Кешкі отырысқа «сұранбайтын» жігіт.
«Альянс» «Билеріміз таусылды, енді билемейміз» деп бастағанымен шыдай алмай билеп кеткен секілді. Бірақ, «Әдебиет маусында» бар актерлік таланттарын паш етпекші. Тіпті, сальто айналу үшін топқа алынған жігіт те ойнайды. Шынымен де бұл ойында биші жайдарманшылардың тек билеріне ғана емес, әзілдеріне де тәнті боп отырмыз))
«Сәлемдесу» бойынша ұпай сандары:
«Байланыс жігіттері» 55554 4.8
«Әдемі» 54444 4.2
«Алғабасар» 44454 4.2
«Мұнай тамшылары» 54455 4.6
«Абай даңғылы 8» 55445 4.6
«Альянс» 55555 5

«Бес жаңалық» сайысы

1. «Альянс» 44333 3.4
2. «Байланыс жігіттері» 33343 3.2
3. «Әдемі» 34434 3.4
4. «Алғабасар» 33443 3.4
5. «Абай даңғылы 8» 33433 3.2
6. «Мұнай тамшылары» 43444 3.8

«Бір көрініс» сайысы

Тақырып: «Ел аузынан…»
«Алғабасар» Шыңғысхан Отырарға кетіп бара жатқан жолында бейресми түрде Жуалы ауданында болып кеткен бодатын кеткен еді. Сол кезде біраз қызықтар болған екен. Қазақтармен танысуы, оларды өзінің жағына өтуге шақыруы…әсіресе, Темучиннің сонша жыл жаулаған жерлері болашақта кішірейіп, ұсақталып қалатынын білген кездері.
«Байланыс жігіттері» Мұқан есейген шағында немересіне әскерге қалай барғандығын айтып беріп жатыр. Әскерге сүйіктісінің шығарып салуы: «Жаным, басқа жігіттерге қарама, білем ғой, сен тез сынып қаласың, сондықтан мүлдем қарама»; әскердегі қызықтар; «ата» болу; хат келген сәттер; полковниктің туған күніне сыйлық; әскерге қайта оралу, сүйіктісің күтіп алуы.
«Қыздар, сүйгендеріңізді әскерден күтіңіздер!»
«Абай даңғылы 8» Ел аузындағы әңгіме қайдан шығуы мүмкін, әрине базардан. Ал, алматылық базарға базар жоқ.
Үш киім сатушы. Осы базардың «үстінен қарайтындар». Киім сатушыларға кешкі 5-ке дейін 7 миллион төлеу керек. Ал, ақшаны қайдан тапса болады. Қайдан?! Қалай?!
«Әдемі» Қайырханды Шыңғысхан тұтқынға түсірген еді. Алайда, мектеп оқушылары бұның қалай болғанын білмеуі мүмкін. Сабақ айтып тұрып, түрлі нұсқаларын ойлап табады. Сондай нұсқалардың бірнешеуі.
«Мұнай тамшылары» Ғашықтардың оқиғасы. Мейрамханаға сүйіктісін шақырған жігіт орын болмауынан даяшыны алдап, тапсырыс берген өзге біреудің үстеліне отырады. Кейін тапсырыс иесі өз сүйіктісімен келеді. Оған қоса, даяшы сүйіктісінің бұрынғы жігіті боп шығады… (Шарап төгілу. Үйленуге ұсыныс. Купидон)
«Альянс». Зат азайған сайын құндылана түседі. «Абай жолы» кітабының жалғыз ғана данасы қалған екен. Ұрылар кітапхананы тонамақшы… құнды кітапты ұрлау сондағы мақсаттары. Кітапханадағы оқырмандарды тұтқында ұстап отыр…
«Бір көрініс» сайысы бойынша ұпай сандары:
«Алғабасар» 54444 4.2
«Байланыс жігіттері» 55555 5
«Абай даңғылы 8» 45445 4.4
«Әдемі» 44444 4
«Мұнай тамшылары» 54444 4.2
«Альянс» 55555 5

ҚОРЫТЫНДЫ

Ширек финалға жолдама алғандар:

«Альянс» 13,4
«Байланыс жігіттері» 13
«Мұнай тамшылары» 12,4
Резервте:
«Абай даңғылы, 8» 12,2
«Алғабасар» 11,8
«Әдемі» 11.6
Әділ қазылар алқасының шешімімен резервтегі командалардан «Абай даңғылы 8», «Күлтегін», «ЖасНар», «Тек қана қыздар» ширек финалға жолдама алды.

Сайыс аяқталды. Барлық командаларды құттықтаймыз! Ширек финалда кездескенше! Адьиос, достар!

Пікір қалдыру