Бөлісу

Онлайн репортаж. Жоғары лига. 1/8 финал. 1 топ | ТАРИХ МАУСЫМЫ

Қайырлы кеш! Біз Конгресс Холлдамыз!!! Яғни, республикалық Жоғары лига.

Бастадық!

Командалар сахнада.  Қазылар орнында. Есаға требунада. Зал толы. Керемет ойын күтіп отырған  көрермен.

Қазылар құрамында:  Қуандық Шамахайұлы , Айбек Қалиев,  Максим Рожин, Əділ Ахметов, Əнуар Нұрпейісов.

Алғашқы бастаушы былтырғы вице — чемпиондар «Аграрка сарбаздары

— Максим сері өзгерген!

— «Қазақстан дауысы» — туфли  жобасы

— Видео! Сочидан сарқыт))

Көрермен кей кездері қатты күліп, кей кездері тыныш. 

Келесі  «Шымкент жастар құрамасы » . Жоғары  лига сахнасына керемет жараса кеткен сияқты.

— Үндістандағы супермаркет.

— Əйел таксист.

— Тоғыз ұлдың арасында өскен қыз

Көрермен қабылдауы керемет. Таңшолпанның «ойнатуы» керемет. Бағалары да керемет болады деп ойлаймыз.

«Күлкі терапиясы «. Салмақты əзілдер актуалды тақырыптарда. Арасында билейді. Сəл-сəл əсемдікпен қосылғандай сахнадағы қойылымдарына.

» Тұңғыш Астана » жаңа форма. Əзілдерінің бағыты да  жаңа.

Ал, «Альянс«-та жаңа би. Бимен қатар əдемі əзілдер

Сəлемдесу бойынша ұпай сандары :

«Аграрка сарбаздары » — 45444 4,2

«Шымкент жастар құрамасы » : 45545 4,6

«Күлкі терапиясы » : 55455 4,8

«Тұңғыш астана»: 55545 4,8

«Альянс » — 55455 4,8

Ширату + Қайым айтыс:

«Аграрка сарбаздары » 55555 5

Шымкент жастар құрамасы »  54466 5

«Күлкі терапиясы » 55565 5,2

«Тұңғыш Астана » 65466 5,4

«Альянс » 64555 5

Үй тапсырмасы «Өткен күннің  іздері»

«Күлкі терапиясы «. Ауылдық жердегі əкім жəне тұрғындар облыстан  ФАКС күтуде. Ет асып, той жасап күтіп жатса, факс деген жай ғана ғана қағаз екен ғой))

«Аграрка сарбаздары «.  8 наурыз — командадағдағы Максимнің туған күні

«Альянс». Мұражайдағы кеш. Гитлер, Цезарь, Шыңғыс хат жəне Кутузов. Мүсіндер тіріледі, əлде тірілмейді.

«Шымкент жастар құрамасы «.  Қазақ батырын тұтқынға алған жоңғар ордасында. Сіздер осы сынды көріністерді бұрын дəл осы команданың ойнауында бірнеше мəрте көрген болатынсыздар.

«Тұңғыш Астана » . О дүниелік боп кеткен атасының құмырасын сатып жіберуге ойластырған жігіт. Бірақ, бұл ойы атасына қатты ұнамаған болуы керек. Жігітпен көзбе-көз кездесуге келеді.

Үй тапсырмасы бойынша ұпай сандары :

Күлкі терапиясы 55565 5.2

Альянс  55555 5

Аграрка сарбаздары 5

Тұңғыш Астана  55654 5,2

Шымкент жастар құрамасы 66666 6

Қорытынды ұпай сандары :

Күлкі терапиясы 15,2

Альянс 14, 8

Аграрка сарбаздары 14,2

Шымкент жастар құрамасы 15,6

Тұңғыш Астана 15,4

Ширек финалға тікелей  жолдама алғандар: Шымкент жастар құрамасы,  Тұңғыш Астана,  Күлкі терапиясы

Резервте: Альянс,  Аграрка сарбаздары

ЕРТЕҢГЕ ДЕЙІН, ДОСТАР!

«

Жазбадағы пікірлер

  1. Сагынтай

    Bastaldy

    Жауап беру
  2. Сагынтай

    Agrarka Rossiadan biraz bagazh alip keld-au

    Жауап беру
  3. Сәттілік джиги

    Жауап беру
  4. Максат

    Ура маладцы кызылорда перёд.

    Жауап беру
  5. Сырым

    Достар бірден айтам қателіктер кетуі мүмкін сондықтан кешірім өтінем. Менің көзімдегі онлайн репортаж біреудің нанын жеп отыр деп ойламаңыздар.
    Ойынды ашқан Аграрка сарбаздары болған болатын — Максим серінің артынан батырлар 1 жыл болды қалмай келеді, 1/4-те кездескенше деп ойынды бастап кеткен Аграрка, Қазақстан арнасындағы мега жоба «Қазақстан дауысы» бағдарламасындағы қазыларды өзіне қаратудан бастады. Ол да бір қыйын жағыдай екен, (жақсы) Сочиға барып кез — келген мемлекет азаматына Аграрка сарбаздары деген сөзді айтқызып та күлдіртпекші болды (қатты кірмеді).

    Екінші болып шыққан Шымкен жастар құрамасы — примьер лигада ұсталған бағытты жоғары лиганың залына кіргізе білді Таншолпан мен Тағайдың арасындағы әнгіме бұл топта ән айтатын тек Хадиша емес екен (жақсы) Таншолпан жас кезді және 550 жыл бұрын болған жағыдайларды еске түсірді де ойындарсын бастап кетті. (жақсы) Үндістандағы супермаркеттің құпиясы бар екен (орташа) қыздар таксист болса жігіттер көлікке отырмайды екен Таншолпанның орындауында (жақсы) Және 9 жігіттің ортасында өскен қыз Тағаймен Таншолпан бұл әзілді қатты ойнатып тастады (жақсы). (Жалпы менің ойымша бұл құрама бұл ойынға емес жалпы маусымға дайын сияқты. тамаша көңіл күй сыйлап кетті.)

    Күлкі терапиясы — Самат бастаған халықаралық достығы бар жайдарман тобы өздерінің айтуы бойынша маусымға сақадай сай дайын тұр екен. Үндістанның қызын көріп қырындап тұрған жігітке көмекке Самат келді. Самат кімнің рөлінде келгенің эфирден көресіздер. (орташа) Твикстің жарнамасын естеріңізге түсіріп отырыңыздар (жақсы) Жалпы командада Занғардың жұлдызды шағы келген сияқты.(Бірақ бұл менің жеке ойым) Айтпақшы Күлкі терапиясы билей бастады өте қызықты. Биді Эфирден күтіңіздер.

    Тұңғыш Астана — Бүгінгі ойында ешкімнен қорықпайтының айтты себебі команда да батырлардың ұрпақтары да бар, нағыз батыр да бар, тіпті мергенде бар екен. (жақсы) Түйенің басын ұйытып ойынды да бастады. 8 Наурызда жігіттерден сыйлық алмаған қыз. (жақсы) Орта ғасырдағы конерттің алдындағы ілінетін афишалар (жақсы) бесік туралы әзіл (орташа) Отырыстан кейінгі әкім (өте жақсы) Соңғы жаңалықтарға байланысты кезектен тыс әзіл (тамаша). Жалпы бұл ойында ең сенімді ойнаған топ.

    Кезек Альянста — Әдеттегідей би, команда дайындаған қысқа — қысқа әндер (орташа) Астанада көбі көшіп келіпті. (жақсы). Әйел бақыты бағдарламасы (жақсы) Кейбір ақындардың өлендерін әйелдері шығарған (тамаша) әдеттегідей Дарханның орындауында бір-екі тенеу. Жалпы жақсы.

    СӘЛЕМДЕСУДЕ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ОЙЫ БІР ЖЕРДЕН ШЫҚПАҒАНЫ КӨРІНІП ТҰР

    Сəлемдесу бойынша ұпай сандары :
    «Аграрка сарбаздары » — 45444 4,2
    «Шымкент жастар құрамасы » : 45545 4,6
    «Күлкі терапиясы » : 55455 4,8
    «Тұңғыш астана»: 55545 4,8
    «Альянс » — 55455 4,8

    Ширату: Оны эфирден күтіңіздер. қызықты болады әсіресе Тұңғыш астананың жеке концерті)))
    Ширату және екі сайыс бойынша ортақ ұпай сандары:
    «Аграрка сарбаздары » 55555 5 (9,2)
    Шымкент жастар құрамасы » 54466 5 (9,6)
    «Күлкі терапиясы » 55565 5,2 (10,0)
    «Тұңғыш Астана » 65466 5,4 (10,2)
    «Альянс » 64555 5 (9,8)

    Үй тапсырмасы: Бастаған Күлкі терапиясы — Ауылға факс келеді оны күтіп алу Занғарға жүктелді, Занғар женгесін жақсы көреді екен (жаман емес) Ауыл тұрғындары енді телехикаяны 3 д фарматында көретін болды. 2 актуалды әзілді үй тапсырмасына ұштастырды. (ЗАЛҒА КІРУІ ЖАҚСЫ ӨЗДЕРІНІҢ СТИЛЬДЕРІНДЕ ТЕК АЙТЫП ӨТЕТІҢ ЖӘЙТ ХАБАРЛАУЫ ДА ҚЫЗЫҚТЫ)

    Альянс- Музейдегі жаңа күзетші Кутузовтың киіміне бекер тиісті, оны тіпті шан басып кетті (ал мүмкін тер) Гитлердің мұрт өсіруі (жақсы) Цезарь футбол ойнамайды екен. (жақсы) (ЖАЛПЫ КАРТИНА ЖАҚСЫ, БІРАҚ ЗАЛҒА КІРУІ ҚЫЙЫН БОЛДЫ, МҮМКІН БҰҒАН ӘСЕРІН ТИГІЗГЕН КҮЛКІ ТЕРАПИЯСЫНЫҢ ҮЙ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ СОНЫҢ КӨТЕРІП ЖІБЕРГЕНІ)

    Аграрка сарбаздары — Максимның туылған күні 8 наурызда екен. Команда капитандарына тосын сый жасамқ, бірақ Максимды батырлар іздеп жүр (сәлемдесу) Максимға анасы хат жіберіпті (жақсы) Балалар максимға сыйлық берді (жақсы) Бірақ ең басты сыйлық Максимның 8 наурызға қызына сыйлаған сыйлық (жалпы кіруі орташа)

    Шымкент жастар құрамасы — Өздерінің стильдерінде, қазақтың батыры (Тағай) махаббаттың артынан еріп жоңғарларға ұсталып қалыпты, бірақ басын алсын деген хан емес ханшайым (Таншолпан) екен (жақсы) балықтың терісін киіп алған батыр да жүр (ТАМАША) хан өзіне тоқал алмақшы (тамаша) (ЖАЛПЫ КОМАНДА ЖАҚСЫ ДАЙЫНДАЛҒАН ӘСІРЕСЕ ТАҒАЙ ЖӘНЕ ТАНШОЛПАН. БҮГІНГІ КҮННІҢ ЕҢ МЫҚТЫ ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ (РАХМЕТ))

    Тұңғыш астана — Шымкенттен кейін залға кіруі қыйынға түсуі белгілі болды. Роберт (Әліби) атасынан қалған мұраны сатпақ болды, бірақ осы кезде барлығы басталды бұл үйде домовой бар екен жалпы кез келген үйде домовой бар екен. (орташа) ұрттап алған жігіттің аман сәлем түзу болады екен (жақсы) Роберттің әжесі массаж жақсы көреді екен (орташа) әжесі шашын жууды ұмытып кетіпті (орташа) Роберт құмыраны сатам тапай ма эфирден көріңіздер…….. (СӨЗДІҢ ШЫНЫ КЕРЕК АЛЬЯНС ЕСКЕ ТҮСІП КЕТТІ, АЛДЫҢҒЫ КОМАНДА ӨТЕ ЖАҚСЫ ОЙНАП ТАСТАҒАН СЕБЕПТЕН ЗАЛҒА КІРУ ҚЫЙЫН БОЛДЫ. АЛ НЕГІЗІ ЕКІ КОМАНДАНЫҢДА ҮЙ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ КАРТИНАСЫ ЖАҚСЫ БОЛДЫ. НЕ БОЛСА ДА КЕЗЕК ҚАЗЫЛАРДА)
    Үй тапсырмасы бойынша және қортынды ұпай сандары :

    Күлкі терапиясы 55565 5.2 (15,2)
    Альянс 55555 5 (14,8)
    Аграрка сарбаздары 55555 5 (14,2)
    Тұңғыш Астана 55654 5,2 (15,4)
    Шымкент жастар құрамасы 66666 6 (15,6)

    Тікелей ширек финалға жолдама алған командалар :
    Күлкі терапиясы (15,2)
    Тұңғыш астана (15,4)
    Ойынның жеңімпаздары: Шымкент жастар құрамасы (15,6)

    Ал Альянспен Аграрка сарбаздарын тек қалған 3 топтың ойының күтіп резервті күту қалды
    Ал оқырмандарға айтарым эфир күтіңіздер (эфир қалай болатыны белгісіз, бұның өзі бір интрига)

    Жауап беру
  6. Дархан

    Ойын жақсы өтті. Әсіресе, Шымкент жастары мен Күлкі терапиясы. Шымкенттіктер бірден жарқ етіп енді жоғары лигаға. Осындай қарқынмен ойнаса біразға баратын сыңайлы. Ал Күлкі терапиясы шынымен де таң қалдырды. Бұған дейін бұл команда менің қабылдауыма ауырлау болып еді, бұл жолы өте қатты ұнады. Осы ойындағы фавориттер мен үшін осы екі команда болды.

    Жауап беру

Пікір қалдыру