Бөлісу

Онлайн репортаж. Жоғары лига. 1/8 финал. 2 топ | ТАРИХ МАУСЫМЫ

Сəлем , достар!
Жоғары лиганың 1/8 финалдық сайыстарының 2 бөлімі бүгін. Бастадық!
Ойнайтындар : Сырдария құрамасы, АЭСА, Абай даңғылы 8, Күлтегін, ҚазИИТУ құрамасы
Қазылар құрамында : Максим Рожин, Асхат Садырбай, Қуандық Шамахайұлы, Олжас Сыдықбеков, Əнуар Нұрпейісов.
Алғашқы бастаушы былтырғы чемпиондар «Сырдария құрамасы »
Жетісаймен таныстыру. Видео — таныстыру. Бұл видеоны көрген қыздардан міндетті түрде жетісайлық жігіттерден алшааааақ жүреді-ау))    Команданың мысы басып қалғандай көрінді.  Бірақ, əзілдер өте əдемі 

Сахнада «Абай даңғылы 8 «.  Əзілдер тез-тез,  бірақ саны көп.  Халыққа ұнап жатқан секілді.  Əзілдері есте қалардай.  Əсіресе, Шыңғыс ханның тойында құдаша болған қыз.

«ҚазИИТУ құрамасы »  тарих маусымы деп бұрынғы формаларында.  Əн айтылып, би билеп, көрерменді жандандыра түсті.  Əдемі ностальгия)) Иə, түріктің сериалдарын бəріміз де көрген ек.

«АЭСА». Мексикаға барып келген Михон.  Əзілдер бұрынғыша барлығынныың көңілінен шығуда.

«Күлтегін»! Тарихта болмаған қошемет. Тарихта болмаған əзілдер! Ой, бір рахаттанып күлдік)))) Тарихта қалатын əзіл: бата оқылып жатқан кездегі үй иелері.

Сəлемдесу бойынша ұпай сандары :

» Сырдария құрамасы »  52455  4,2

«Абай даңғылы 8»     42544   3,8

«ҚазИИТУ құрамасы »  54444  4,2

«АЭСА »   54555 4,8

«Күлтегін »  54555 4,8

Ширату + Қайым айтыс :

Күлтегін  56555   5,2

ҚазИИТУ құрамасы 56555   5,2

Абай даңғылы 8    43454    4

Сырдария құрамасы 54555   4,8

АЭСА 54565 5

Үй тапсырмасы :

ҚазИИТУ құрамасы.  Жақында аналарымыздың мерекесі. Отағасы отанасы тосын сый жасап,  гауһар жүзік сыйламақ. Ойда жоқта, үйдің үлкен келін түсірем дейді. Енді, əкеміздің жинаған ақшасын кімге жұмсар екен?!))

АЭСА. Михондар орманнан кеңсе ашып алыпты. Жануарлардың «шаруаларын» шешіп жүр.

«Күлтегін». Сол бұрынғы театр актері Бұқар жəне режиссер Əділет мырза.  Ертең спектакль.  Дайындалк керек, бірақ актер ұйықтап кетіп….. түс көреді. Міне, мəселенің бəрі осы түсте)))

Абай даңғылы 8. Тағы да таныстыру. Бірақ, бұл жолы қыз ата-анасымен таныстырады. Жігіт — неміс. Эфирден көру керек, əсіресе, Сəуленің «ойнатуын»)

«Сырдария құрамасы »  Отырарды алу. Автор — Марат. Сондықтан,  жағдай қалай өрбітетіні өзі біледі)))

» Сырдария құрамасы »  55656 5,4

Абай даңғылы 8 44365 4,4

ҚазИИТУ құрамасы  44545 4,4

АЭСА  56666 6,8

КҮЛТЕГІН 54445 4,4

ҚОРЫТЫНДЫ :

ШИРЕК ФИНАЛҒА ТІКЕЛЕЙ ЖОЛДАМА АЛҒАН КОМАНДАЛАР:

АЭСА 15,6

КҮЛТЕГІН 14,4

Сырдария құрамасы  14,4

Резервте:

ҚазИИТУ құрамасы 13,8

Абай даңғылы 8 12,2

12-13 наурыз кездесеміз тағы! 1/8 финалдық сайыстарының 3-4 топтары. Сау болыңыздар!

Жазбадағы пікірлер

  1. Неғо үй тапсырмасында АЭСА қылмыстық толпасы 6,8 ұпай алдыма қалай? Әлде 5,8 ба?

    Жауап беру

Пікір қалдыру