Онлайн репортаж. Премьер лига. Финал

Қайырлы кеш, достар!!!

Бүгін көптен күткен күн, Республикалық премьер лига финалы. 2013 жылғы «Ғажайыптар маусымының» чемпионы анықталатын сәт. Астананың Республика даңғылының бойында орналасқан «Жастар» сарайына келе алмай қалған жандар болса, «Жаңарту» тетігін басып отырасыздар ғой… Барынша мындағы атмосферадан хабардар етіп отыруға тырысамыз!
Чемпиондыққа үміткер топтар: 
«Тұңғыш Астана», Қызылорда
«Алғабасар», Жуалы
«Тереңөзек», Қызылорда
«АЭСА», Алматы
«ХҚТУ тарифі», Түркістан
«Жастар», Аягөз
Қазылар алқасында:
Марат Достаев
Ақболат Өтебаев
Рүстем Елжанов
Нұрлан Сыдықов
Ғалым Махамбетов
Есен Елеукен бастап берді. Командалар сахнада.  Ал, кеттік!!!
Тақырып: «Ғажайып ойын».
Сәлемдесу: «Жеңісті күнде жолыққанша»

Финалдық шымылдықты «Тереңөзек» «Агаялап» ашты. Маусымның соңғы ойынында алғашқы саяси әзілдерін де айтты. Бұл топтың әзілін Президенттіңөзі хабарлап берді. «Менің атым — Қожа» фильмінің Қызылордалық нұсқасы. Әдеттегідей ертегі… бірақ быт-шыты болған))) «Тереңөзек құрамасы» — асты ашылатын диван!
«ХҚТУ тарифі». Таңдандырды. Пародия жасаудың шеберлері екен ғой өздері. Мұны неге финалға дейін жасырып келген екен?! Қарсылас командаларға жеке-жеке, бөлек-бөлек, нақты-нақты тоқталып кетті.
Енді «Алғабасар» әдеттегідей топ мүшелерімен таныстыруда. Түсіне білгенге, астарлы әзілдер топтамасын бастады. Кранға шығып, талаптарын орындататын әкімдер де бар. Кейбір тышқандардың жағдай кейбір адамдардан тәуір екен…
Өзінің шешуші сәтінде «Тұңғыш астаналықтар». Аналарымыздың қамқорлығын еске салып, көрерменді рахаттандыра күлдіріп жатыр. Жыр болған қос ғашық пен ағасының оқиғасы әйтеуір дегенде бітті-ау. Қызылордадай ғажап қаладан келген ғажайып команда халықтың көңілінен толықтай шыққан секілді. Қазылар не дер екен?!
«АЭСА». Финалға жолдаманы әзіл ойнап, қалжың айтып алған еді, бірақ бұл жолы кубокты нағыз қылмыстық топ ретінде тартып алуға келген екен. Бұл бригаданың жанұясы жоқ деп пе едіңіздер?! Олай емес, олар тұқымдарымен қарақшы!
Берсе қолынан, бермесе тартып алатын Аягөздіктер қартайған апаларымыздың «Ақсерек — Көксерек» ойнағанын көрсетті. Ал, сіздер өздеріңіз оның қалай болатын ойланып көрдіңіздер ме?! Ал, тас дәуіріндегі концерттің қалай болатынын ше? Бүкіл шығыстың намысын қорғап жатқан «Жастар» өтімді тақырыптар қозғады. Шынымен «Сәлемдесу» сайысын керемет аяқтады. ТүүүүҺ, залдағы овацияны естісеңіздер ғой)))
«Тереңөзек» 54554 4,6
«ХҚТУ тарифі» 44545 4,4
«Алғабасар» 44545 4,4
«Тұңғыш Астана» 55555 5
«АЭСА» 55555 5
«Жастар» 55555 5
«Жамбы ату» сайысы
Бұл сайыс туралы ештеңе айтпай-ақ қойықшы… жәй ғана эфирді күтіңіздер, иә ма?!))
«Жастар» 0,5
«Тереңөзек» 0,6
«ХҚТУ тарифі» 0,7
«Тұңғыш Астана» 0,8
«Алғабасар» 0,9
«АЭСА» 1 («Жамбы ату» сайысының чемпиондары)

«Көрініс» сайысы.

Тақырып: «Шешуші сәт»
Ерекшелігі: Финалист командалармен бірге жоғарғы лиганың белгілі ойыншылары өнер көрсетуі керек.
«АЭСА» бір пәтерге ұрлық жасауды ойлайды, алайда үй иелері келіп қалады. Ұрылар амал жоқ, сол жанұяның мүшелерінің рөлін сомдайды. Әйелі — Қуатжан Базарбаев, баласы — Назар, күйеуі- Мейрамхан. Жағдай қалай болар екен?!
Жуалыдағы зертханаға тексеріс келеді. Келген тексеріс — Рамазан. «Алғабасар» өзі саяси команда еді, ал оларға «Экпресс» капитаны қосылғанда залда саяси атмосфера кәдімгідей. Иә, әдемі, жәй ғана әдемі емес, салиқалы әзілдерге толы көрініс болды.
«ХҚТУ тарифы» Бабалардың бабасы- Арыстан баб. Әбілханның баласы Асылхан — әмбебап.
Иә, қазіргі күні әмбебап мамандар көбейді, олардың қызметтерін қалай атқарады?! Осындай маман иесі Асылхан Дүкенбай болса, біраааз қызық болатын секілді….))
«Тереңөзектегі» Бахалек пен Нұрболхан Маями мен Антрактиданы, өй кешіріңіздер Антарктиданы шатастырып алған екен-мыс))) Айтпақшы, Қайрат Нұртастың концерті сол жақта да болады екен.
Аягөзде ұзақ уақыт үйленбей жүрген жігітке қызды алып қашып әкеліп береді. Міне, «Альянстың» Еркебұланына осылай достары «өте сұлу» қыз әкеледі. Мейлі,өзінен көрсін уақытқа дейін үйленбей жүрген… Оқиға қалай өрбитінін білгіңіз келсе, «Жайдарманның» теленұсқасын көруді ұмытпаңыздар!
«Тұңғыш астаналықтар» бүгінгі күннің батырлары, яғни талай өмірлерді құтқарып жүрген өрт сөндірушілер туралы шағын спектакль қойды. Сценарий құрылымы «Ұлттық құраманның» бағытымен, мүмкін Бекзат Дүйсен ойнағандықтан шығар. Не болса да жоғары, өөөте жоғары деңгейдегі ойын көрсетілді.
Сайыс тәмәм:
«Алғабасар» 65444  4,6
«АЭСА» 66454  5
«Жастар» 65565  5,4
«ХҚТУ тарифі» 66555  5,4
«Тереңөзек» 66565  5,6
«Тұңғыш Астана» 66565  5,6
Қорытынды: 
«Алғабасар» 9,9
«ХҚТУ тарифі» 10,5
«Тереңөзек» 10,8
«Жастар» 10,9
«АЭСА» 11
«Тұңғыш Астана» 11,4

Сонымен, «Жайдарман» ойындарының 2013 жылғы Премьер Лига чемпионы — «ТҰҢҒЫШ АСТАНА», Қызылорда
Құттықтаймыыз!!!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...