Бөлісу

Онлайн репортаж. Премьер лига. 1\8 финал. Бірінші топ

Қайырлы күн, достар!!!
Премьер лигалықтардың «Әдебиет маусымындағы» алғашқы ойындары. Командалардың дайындықтарына қарап, ойын тартысты қызықты өтетініне кепілдік бере аламыз.
Премьер лига ойындары әдеттегідей «Жастар» сарайында өтеді. 18.00-де бастаймыз, 10-15 минут кешігуіміз мүмкін, қазақпыз ғой))

Ойнайтындар:

«Шымкент Жастар құрамасы», ОҚО, Шымкент

«Сырдария құрамасы», ОҚО, Жетісай

«Қорқыт жастары», Қызылорда қаласы

«Тараз — Астана», Тараз қаласы

«МПТК.кз», Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

«Фемида», Ақтөбе қаласы

«Болашақ VIP», Қарағанды қаласы

«Серілер», ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы

«Жаным», ШҚО, Семей

 

«КазИТА» құрамасы, Астана қаласы


Қазылар алқасы құрамында:
Нұрмахан Мұқанұлы
Жарқын Түсіпбекұлы
Алмас Тоқабаев
Алдан Жылгелді
Нағи Бақытбеков
Жалпы тақырып: «Кел, балалар, оқылық!»
Біз байланыстамыз!!!
Шапалақтап жатырмыз. Бүгін Әділет асаба шапалақтатуда.
Командалар сахнада. Есағаның бұл жолы шығу ерекше болды. Қалай дейсіздер ғой, ал айтпаймын… эфирден көресіздер))
Бастадық біз! Командалар, сәттілік!!!

Сайыстар:
«Сәлемдесу + Көрініс» сайысы. Әдеттегі сәлемдесу мен қысқа көріністік әзілден құрылған сайыс. Ұзақтығы: 7 минут.
«Бес әзіл» сайысы. Жаңа сайыс. Әр командадан бір-бір ойыншы мәтіндік әзіл оқиды. Олардың қарсыластары Жайдарманның көне де қазіргі жоғары лига жұлдыздары. Кімдер екенін кейін айтамыз… Жеребе бойынша әр командаға бір жұлдыздан түседі. Кезекпе-кезек бес әзілден оқылады. Әділ-қазылар алқасы Премьер лига өкілдерінің неше әзілі өтімді болғанын айтады. Әр әзіл 0.2 ұпай.

Бірінші топ

«Сәлемдесу» сайысы:

«Тараз-Астана»
Көктемнің келуімен өзгерген тараздық жігіттер. Бұзықтықтарын қоймайды екен бәрібір. Тіпті, гүлді де қару ретінде пайдаланады.
Би. Ерекше би. Қытығы бар ит. Әкесінің жаман нәрсе істеп жүргендерін біліп қойған балалардың кенеттен айфоны пайда болады екен. Ақымақ ұрылар. Қазақы романтика.
Қала сыртына қыдыруға шыққан қыздардың бай жігітке ұнаймыз деп, ерегісіп жатыр. Жігітке ұнаудың талай тәсілдері бар екен. Ерегісіп кеп, телехикая арқасында татуласады.
Жақсы ойын.
«Жаным»
Баян Есентеваның көзіне түсуді армандайтын қыздар. Командаға жаңа ойыншының алынуы. Тойдағы тілектер. Испандық әйелдердің айлалары. Оған қоса жайдарманшы қыздардың айлалары да бар. Қазақ жанұясында ұлдың жаңа түсетін келінді анасына таныстыруы.
Семейдің салты бойынша сәлемдесуді «төңкерді».
«Болашақ VIP» Отбасыдағы жағдай: 1. Әкесінің баласына көлік айдап үйретуі. 2. Баланың әкесіне компьютер ойнап үйретуі. Жастар жиылыатын кештен (вечер) соң пәтерде. Есағаның жүргізуші анда-санда таксист боп істейді екен. Сол жүргізушіні бір әжей тоқтатыпты.
Әдебиет маусымында тақырыпқа сай ойнап жүрміз деп ойлап, жүрген «Фемида» сахнада. «Қағу» сөзінің мағыналары. Шетелдегі айтыскер. Дәл осы әзілдері өздері айтқандай залды жааарды)) Түймедейді түйедей ететін отбасыдағы құрт алуға кеткен ұл. Жайдарманшы әзіл жазды дейік, ал қалған команда мүшелеріне түсіндіру үшін үлкен еңбек етіп, көп тер төгу керек екен.
Өте керемет ойын. Жанкүйерлері де көп екен. 
«Шымкент жастар құрамасы» Вокалдан емес, бокалдан сабақ алған әнші қызы бар команда. Каратэ жаттықтырушысы. Көріністері «жұмысынан шаршаған махаббат періштесі» — Фантастика! (Тура да ауыспалы мағынада)
«Сәлемдесу» сайысы бойынша ұпай сандары:
«Тараз-Астана» 44555 4.6
«Жаным» 66666 6
«Болашақ VIP» 55555 5
«Фемида» 77677 6.8
«Шымкент жастар құрамасы» 66666 6

«Бес әзіл» сайысы:
«Болашақ VIP» қарсыласы — Әділет Төлеутев
«Тараз-Астана» қарсыласы — Бекзат Дүйсен
«Шымкент жастар құрамасы» қарсыласы — Мейрамхан (Михон)
«Жаным» қарлысасы — Мейіржан (Аягөз)
«Фемида» қарсыласы — Хамит Ердехан
«Бес әзіл» сайысы бойынша ұпай сандары:
«Болашақ VIP» 0.6
«Тараз-Астана» 0.4
«Шымкент жастар құрамасы» 0.6
«Жаным» 0.2
«Фемида» 0.2

Екінші топ

«Сәлемдесу» сайысы:

«Серілер» Сүйіктісіне сөз салып келген, жігіттің әңгімесі.
Алғашқы әзіл «Таңшолпан» бағдарламасына келген қонақ.
Таэквондоға қатты қызығатын жігіт төбелесте. Қойдың етін көп жеген баланың айтатыны.
Емхаманаларына науқас келмейтін дәрігерлердің іштері пысқаны соншалық, ауруларды қатты күтеді. Келген науқасты «қатты» тексереді екен. Бүгінгі келген ауру шымен «ауру».
Әдемі
«ҚазИТА құрамасы»
Той. Толығымен той. Асабасы да бар. Қонақтар да келген. Ең бастысы даяшылар бар. Тойдағы қызықтар. Иә, күлдік, кей жерлерінде)) Әдемі реквизиттер
«МПТК.кз»
Жайдарманды шын сүйетін романтик жайдарманшы сезімін білдірді. Заттыбек + Майкл Джексон.
Өрістен кешіккен қой. 40 күн ұйықтайтын батырлар. Қатыгез адамдар тұратын ауылда қоғамдық көлікте орын табу мүлде мүмкін емес.
Ананди телесериалының түсірілімі. Оператор бір-ақ жігіт. Жағдай қиын. Операторды айтамын. Ал, команда жақсы.
«Сырдария құрамасы» Шымкенттіктерге сай әңгіме. Ұзақ әрі қызықты әңгіме. «Жаснардай» бастағысы келді, бірақ мамандықтары түрлі болғандықтан, ойлағандай болмай шықты. Сабақтағы мұғалім мен оқушылар.
Сөз соңында түйін. Түйінді шеше салу керек немесе қия салса болады.
Өмір-бұл подиум)
«Қорқыт жастары» Алғашқы ойындарын гүл алып бастамақшы. Гүл немесе күйеуге шыққысы келетін қызладар. Ренжіген жігітті үнді әнімен жұбатады екен. Супермаркетте жұмыс жасайтын апай үйінде.
Ағайынды бауырларға мұраға сиқырлы сандық қалдырған. Сандық ішінен арман орындайтын Джинн немесе Жаңагүл)))
«Сәлемдесу» сайысы бойынша ұпай сандары:
«Серілер» 44544 4.2
«ҚазИТА құрамасы» 22433 2.8
«МПТК.кз» 55656 5.4
«Сырдария құрамасы» 65554 5
«Қорқыт жастары» 55665 5.4

«Бес әзіл» сайысы

«ҚазИТА құрамасы» — Ернар Боранғалиев
«Қорқыт жастары» — Хамит Ердехан
«Серілер» — Рамазан Фаилов
«МПТК.kz» — Мейрамхан (Михон)
«Сырдария құрамасы» — Қуаныш Серікқалиев

«Бес әзіл» сайысы бойынша ұпай сандары:

«ҚазИТА құрамасы» 0.2
«Қорқыт жастары» 0.4
«Серілер» 0.4
«МПТК.kz» 0.8
«Сырдария құрамасы» 0.6
1/4 финалға жолдама алғандар:
Шымкент жастар құрамасы 6.6
Жаным 6.2
Фемида 7
Қорқыт жастары 5.8
МПТК.KZ 6.2
Резервте:
Сырдария құрамасы 5,6
Серілер 4,6
Тараз-Астана 5
Болашақ VIP 5.6
ҚазИТА құрамасы 3

Натиже осы. Ертеңге дейін, достар!!!))

Пікір қалдыру