Бөлісу

Орал қаласында «Жайдарман» және «Жайдарлы Жас Ұлан» топтарына арналған ойын өтті


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жастарының Конгресі» және «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар ұйымдарының ұйымдастырумен қазанның 29 күні Орал қаласында «Жайдарман» және «Жайдарлы Жас Ұлан» топтарына арналған ойын өтті.
Бұл сайыстың негізі — Орал қалалық ашық лигасы. Сайысқа тек жергілікті командалар ғана емес, басқа да қалалар командалары қатысты.
Ойынының қорытындысы төмендегідей:
Финалға жолдама алғандар:
1) «24 сағат» БҚАТУ — 13 ұпай

2) «Грант» БҚТжМИ — 12.8 ұпай

3) «Фемида» Ақтөбе қаласы — 12 ұпай

4) «Мемлекеттік құрама» БҚМУ — 10.6 ұпай

5) «Сіздер үшін» БҚМУ — 10.4 ұпай (қазылар алқасының шешімімен)

Қош айтысқан топтар:

6) «Жаңа толқын» Орал мұнай газ және салалық технологиялар колледжі — 9.6 ұпай

7) «Эксклюзив» Ақтөбе қаласы — 9.2 ұпай

Пікір қалдыру