Бөлісу

Премьер лига. Финал — 2014. Онлайн репортаж

Қайырлы кеш, қымбатты достар!

Бүгін қарашаның он алтысы. Бұл күннің ерекшелігі республикалық Премьер лига сайыстарының финалдық сайыстарының өтуінде.

Осы ерекше ойынды бастап кеттік! Ерекшелігі басынан-ақ. Қазылар таныстыруының өзі ерекше. Өлеңмен таныстырды.

Командалар да ерекше. Бірінші шыққан «Алаш ұлдары»нда бұрынғыдай ностальгия болмады. Ерекшелік. Әзілдері  жақсы. Ойынның басталуын күтіп қалған көрерменнің көңілін көтеріп тастады.  Жалғастырып шыққан «Фемида» көңілді одан әрі көтеріп тастады. Баяғы айғааай. Бірақ, бұл жолғы айғай есте қалардай. Соңғы сөз де есте қалады. Қалмағанда ше, үш түрлісін айтты ғой)

Келесі «Шымкент жастар құрамасы» сахнаға Астанадағы барлық шымкенттіктерді  жинап шыққан-ау. Онымен қоса,  өз балаларын да алып кепті. Дайындықтың жоғары деңгейде екені, чемпиондық кубок үшін ғана келгендері анық көрініп тұр.  Айтпақшы, жұғысты болсын деп шығар, 2011 жылғы Жоғары лига чемпионы Данияр Бекжановпен бірге ойнады.

Боранқұл. Нағыз ауылдық әзілдер. Өз деңгейлерінде. Еш боямасыз әзілдер. Тек әзіл. Және өте жақсы әзілдер. Басында әзілден басқа билеп көргісі келген. Бірақ, Қармақшы құрамасы билеп берді. Бірақ, әзілдерді өздері қатырды енді.

Сырдария құрамасы. Ал, бұлар билеп шықты. Қолшатырлармен биледі. Әдемі бастады. Сонымен қатар сахнаны безендіріп берді. Енді әзілдер… түһ, мына әзілдерден соң езу жию мүмкін болмай қалды. Эфирді күтіңіздерші тек, көресіздер бәрін)

Қармақшы құрамасы. Керемет биден басталды. Әрі қарай үздік әзідерге жалғасты. «Қармақшы құрамасының» маусым бойындағы ең үздік әзілдері болды бұлар. Ойынға келмегендер өкініңіздер! Өте керемет ойыннан қапы қалдыңыздар!

Сәлемдесудің ұпай сандары:

Алаш ұлдары 34444 3,8

Фемида 44554 4,4

Шымкент жастар құрамасы  45554 4,6

Боранқұл 43444 3,8

Сырдария құрамасы 55555 5

Қармақшы құрамасы 55555  5,1 ( Өзін ең үздік таныстырған Сара Тоқтамысова 0,1 ұпайын осы топқа берді)

Жамбы ату

Алаш ұлдары 0, 5

Қармақшы құрамасы 0,6

Боранқұл 0, 7

Фемида 0,8

Шымкент жастар құрамасы 0,9

Сырдария құрамасы 1

Үй тапсырмасы

Боранқұл. Хан ордасындағы оқиға.  Қызық. Кей жерлері қызық емес енді. Бірақ, залда жанкүйерлері көп секілді. Қошеметтерін аямады.

Қармақшы құрамасы. Хайуанаттар бағынан қашып кеткен жануарлар бір жігіттің үйіне келеді. Ары қарай… эфирден көресіздер)

Алаш ұлдары. Құдалардың танысуы.

Шымкент жастар құрамасы. Пенелопа мен Одисейдің хикаясы. Және оларды қорғап-қолдап жүретін періштесінің хикаясы.

Фемида. Қала сыртындағы МАИ қызметкерлері

Сырдария құрамасы. Жаңа бағдарлама:»Түнгі Жайдарманда Марат Сәрсенбаев».

Үй тапсырмасы бойынша ұпай сандары:

Боранқұл 44445 4,2

Қармақшы 66656 5,8

Алаш ұлдары 45444 4,2

Фемида 54454 4,4

Шымкент жастар құрамасы 5,2

Сырдария құрамасы 65566 5,6

Қорытынды:

Алаш ұлдары 8,5 финалист

Боранқұл 8,7 финалист

Фемида 9,6 финалист

Шымкент жастар құрамасы 10,7 III орын

Қармақшы 11,5 II орын

Сырдария құрамасы 11,6 ЧЕМПИОН

 

 

 

 

Жазбадағы пікірлер

  1. сырдария чемпион

    Жауап беру
  2. Нуржан

    Жарайсыңдар «Сырдария» құрамасы! Сендердің тапқырлықтарың мен әзілдеріңді бүкіл Қазақстан мойындайды. Тек қана алға.

    Жауап беру

Пікір қалдыру