Премьер лига. Ширек финал. Бірінші топ | Онлайн репортаж


Қайырлы күн, достар! Бүгін 14 мамыр, яғни, республикалық премьер лиганың ширек финалдық сайыстарының бірінші күні. Бұл ойында жайдарманшылар балалар әдебиетіне терең бойлап, ертегі мен әзілді ұштастыратын болады. Командаларға сәттілік тілейік те, өзіміз «Мақта қыз», «Алдар Көсе», «Менің атым Қожа», «Көксерек», «Балалық шаққа саяхат» сынды бала кезде оқыған шығармаларымызды еске ала отырайық…
Кешке, Астана уақытымен 19:00-дерде ойыннан тікелей репортажымызды жүргізетін боламыз.
Бүгін сайысқа түсетін командалар:

«Шымкент жастар құрамасы», Шымкент

 

«Достар», Семей

ee103f

 

«АЭСА», Ақтөбе

 

«МПТК.kz», Ақтау

 

«Шу-Чу», Жамбыл облысы

 

«Арал құрамасы», Арал

 

Қазылар алқасы құрамында: Нұрмахан Мұқанұлы, Мұрагер Сауранбаев, Жандарбек Бұлғақов, Алмас Тоқабаев, Рүстем Елжанов
Астанадағы ауа-райы көңілді көтеріп тұр. Ендігі көңіл көтеру кезегі жайдарманшыларда. Көрейік, қалай боларын, бастадық!
Әуелі командалар өздерін таныстырудан бастады. Бұл да бағаланады. Ең үздік таныстыруға 0.2 ұпай. Ал, үздік таныстыру «Шу-Чу»-дікі, 0.2 ұпай да солардікі.
Жалпы тақырып: «Балалар әдебиеті»
Сайыстар: 1) Сәлемдесу; 2) Қайым айтыс; 3) Бір көрініс

«Сәлемдесу» сайысы

Тақырып: «Балалық шаққа саяхат»
«Достар». Релакстан бастады. 1/8 финалда көрсеткендерінің тағы бір нұсқасын ұсынды. Әдемі бастама. Тек өздеріне сенімділіктері аз.
«Шу-Чу». Ерекше жерден келгендіктен, ерекше әзілдейді. Сол баяғы «өсімдік» туралы әзілдер таусылмаған. Бірақ, өзгеру, өсу бардай. Сом мен теңгенің әңгімесі көрермен көңілдерінен толық шықты. Ең өзекті мәселелер әзілге әдемі өрнектелді.
«АЭСА-Ақтөбе». «Ақтөбеліктер әрдайым фавориттер қатарында» дейді өздері. Көрейік! Әмбебап даяшы. Осы әзіл ғана есте қалатын секілді. Фавориттер қатарына ене алды ма, жоқ па оны өздеріңіз саралай жатарсыздар.
«МПТК.KZ». Нағыз ақтаулық мәнер. Балалық шаққа саяхат. Барлығымыздың басымыздан өткен қызықты сәттерді еске түсірді. Дайындықтың аздығын, сөздерін ұмытуын есептемесе, жақсы ойнады деуге болады.
«Шымкент жастар құрамасы» Шымкенттіктер әңгімеге шебер. Мұны тағы бір дәлелдеді. Жалғыз ғана әзіл болды: Сэм немесс Жетібай жайында қорқынышты фильм. Екі нұсқада ұсынылды, қазақ және өзбек тілдерінде.
«Арал құрамасы» Әр баланың басынан өткен оқиға: арыздау процесі. Ерекшееее хабарлау. Эфирден кесілген әзіл туралы баллада)) Саябақта қызбен танысудың түрлі әдістері бар. Аралдықтар қайда жүрсе де су болмайды екен. Алдыңғы командаларға ерекше ойын көрсетілді. Чемпиондық ген сезілді)) 
«Сәлемдесу» бойынша ұпай сандары:
«Достар». 44444 4
«Шу-Чу». 35455 4.4 + 0.2 = 4.6
«АЭСА-Ақтөбе». 44443 3.8
«МПТК.KZ». 44343 3.6
«Шымкент жастар құрамасы» 45454 4.4
«Арал құрамасы» 44453 4

«Қайым айтыс» сайысы

«Шымкент жастар құрамасы» «Қайымда қара ұйқасқа, Шымкент шынымен Техас па?!» 34343 3.4
«Шу-Чу» «Ақсерек, Көксерек, бізден сізге не керек?» ( Мақсат импровизацияға шебер екен, залды біраз шулатты күлкімен) 24344 3.4
«АЭСА» 34334 3.4
««Арал құрамасы» «Көк тудың желбірегені, Далада „жел бар“ дегені». 34343 3.4
«Достар» «Байқадың ба, „Б“ тұрады үшінші, Ал осының мәні неде түсінші». 23232 2.4
«МПТК.KZ „Кеудесінде еш жаны жоқ, Көзінде жалын-от“. 23232 2.4

Бір көрініс

Тақырып: „Үй жұмысы“
»Шымкент жастар құрамасы» Көріністерінде бұрынғы баяғытты ұстанып қалған. 14 ғасырдағы Қазақ ханы мен Қытай ханшайымының бейресми кездесуі. Әдемі. Әзілге қанық. Алайда дайындық аз.
«Шу-Чу» Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері бірігіп бір шығармада бас қосқан. Желаяқ, Алдар Көсе, Қарлығаш, Бауырсақ, Қанбақ шал. Иә, кейбір жауап таппай жүрген сұрақтамырызға жауап тапқандай болдық осы көріністен соң.
«Достар» Жұмыспен қамту орталығындағы мамандар. Таныс-тамырсыз бүгінгі күні жұмыс табу қиынның қиыны екені айқын көрсетілді. Соңы «Мәке, Сәке»- лерге арналған әнмен әсем тәмәмдалды.
«АЭСА» Отағасының бастығының қызын біреу алып қашқан. Осы сәтте баласы келін алып келеді. Дәл сол бастықтың қызын. Оқиға қалай өрбір екен?! Көрейік!!!
«МПТК.KZ» Жастайынан үйленген жас отбасы. Жастайынан дегенде, 13 жастарында үйленген жастар немесе балалар))
«Арал құрамасы. Аралдықтар не туралы әзілдеуі мүмкін,әрине, теңіз. Теңізде жүзіп бара жатқан кеме бортындағы жолаушылар. Реквизитері көп әрі әдемі. Әзілден де кенде емес.
»Бір көрініс» сайысы бойынша ұпай сандары:
«Шымкент жастар құрамасы» 45354 4.2
«Шу-Чу» 33354 3.6
«Достар» 44445 4.2
«АЭСА» 43245 3.6
«МПТК.KZ» 54444 4.2
«Арал құрамасы 45354 4.2

ҚОРЫТЫНДЫ

Жартылай финалға тікелей жолдама алғандар:
Шымкент жастар құрамасы 12
Арал құрамасы 11.6
Шу-Чу 11.6
Резервте:
АЭСА 10.8
Достар 10.6
МПТК.KZ 10.2
Нәтиже осындай. Ертеңге дейін, достар!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...