Премьер лига. Ширек финал. Екінші топ | Онлайн репортаж


Қалайсыздар, достар?! Премьер лига ширек финалдық сайыстарының екінші бөлімі. Кеше оқи бастаған балаларға арналған әдеби шығармамыздың екінші тарауын бүгін оқитын боламыз. Бұл тарау қаншалықты қызықты боларын кешке білетін боламыз. Кейіпкерлерімізге сәттілік!

«Фемида», Ақтөбе

a74506

 

«Байдың балалары», Шымкент

 

«Алаш ұлдары», Семей

 

«Боранқұл», Маңғыстау

 

«Қорқыт жастары», Қызылорда

 

«Болашақ VIP», Қарағанды


Жалпы тақырып: «Балалар әдебиеті»
Қазылар алқасы: Нұрмахан Мұқанұлы, Алмас Тоқабаев, Жандарбек Бұлғақов, Рүстем Елжанов, Мұрагер Сауранбаев.
Эфир үшін шапалақтаудамыз. Жайдарман бастадық!
Ерекше таныстыру үшін 0.2 ұпай «Боранқұл» штатынан келген командаға.

«Сәлемдесу» сайысы

Тақырып: «Балалық шаққа саяхат»
«Байдың балалары». Жігіттер мұрт өсіріп келіпті. Актуалдан бастады. Әскерден келген жігіт. «Балапан» телеарнасын жиі көретін полиция қызметкері. Сүйікті фильмдерінің кейіпкерлері.
Көрермен көңілінен шықты.
«Болашақ VIP». Балалықты тастамаған малшылар. Қарызы көп жанның әні. Құдағиларын қатты сыйлайтын қазақ әйелдері.
«Боранқұл». Ауылда өскен көрермендеріне балалықтарын біраз нәрсені еске түсіргізді. Әзірге ең үздік ойын.
«Алаш ұлдары». Алдынғы ойындарына қазылар тарапынан айтылган сыннан қорытынды жасағысы келген, әрине, бірақ бүгінгі тақырыптың өзі бұған кедергі. Ерекше хабарлау. Ағылшын сабағы — 2. Тырнақ алу. Машинаға тиеліп, отырып ауылдан қайтып келе жатқандағы көрініс. Көрерменге қатты ұнаған секілді. Алақандарын аямастан шапалақтауда.
«Фемида» Дауыстары зор жігіттер. Айтыскерлер «Рекетир» фильміне түскен болса. Бұрауы кетіп қалған домбыраны жөндету. Соңында ерекше аяқтады, әділ қазылар сөзімен аяқтау.
«Қорқыт жастары» 1/8 финалдағы көрерсеткен қойылымдарының тағы бір нұсқасы. Ән де, хабарлау да, әзілдер де алдыңғы ойындарына ұқсас, бірақ күлкілірек көрінді.
«Сәлемдесу» бойынша ұпай сандары:
«Байдың балалары». 44554 4.4
«Болашақ VIP». 34342 3.2
«Боранқұл». 54555 4.8 + 0.2
«Алаш ұлдары». 45455 4.6
«Фемида» 54544 4.4
«Қорқыт жастары» 55455 4.8

«Қайым айтыс» сайысы

» Байдың балалары» 55244 4
«Фемида» 34233 3
«Алаш ұлдары» 34334 3.4
«Қорқыт жастары» 45333 3.6
«Болашақ VIP» 34233 3
«Боранқұл» 34335 3.6

Бір көрініс

Тақырып: «Үй тапсырмасы»
«Алаш ұлдары» Полиция қызметкерлері бөлімшеде қалай уақыт өткізетіндері туралы. Бақшадағы шиелері ұрланған жәбірленуші арыз жазуға келеді. Ұры өз ұлдары екен. Бастысы бұл топ ұрлықтың түбі қорлық екенін анық көрсетті. Күлкілі жерлері болды.
«Болашақ VIP» Алдардың Бізбикемен кездесуі. Кездесуге шыққан жастарға. Бикенің анасы кедергі болып қалады. Зал тыныш.
«Байдың балалары» «Толағай» отбасылық бағдарламасы өзгеше нұсқада. Астаналық отбасы мен ауылдық отбасының айырмашылықтарын айқын көрсетті. Әдемі ойын.
«Фемида» Алғаш рет ұрлық жасап жатқан жігіттер. Ұрлау үшін қандай зат керектігін, өздерін қалай ұстау керектерін де білмейді. Айқаласты, шуласты. Ал, көрермен рахатта күлісті.
«Боранқұл» Аязды күні жолға шығып, көліктері бұзылып қалған достар.
«Қорқыт жастары». Ертегілер әлеміне саяхат.

«Бір көрініс» сайысы бойынша ұпай сандары:
«Алаш ұлдары» 34334 3.4
«Болашақ VIP» 24333 3
«Байдың балалары» 35344 3.8
«Фемида» 44434 3.8
«Боранқұл» 55555 5
«Қорқыт жастары» 45554 4.6

ҚОРЫТЫНДЫ

Жартылай финалға тікелей жолдама алғандар:
Боранқұл 13.6
Қорқыт жастары 13
Байдың балалары 12.2
Резервте:
Алаш ұлдары 11.4
Фемида 11.2
Болашақ VIP 9.2
Ертеңге дейін сау болыңыздар!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...