Бөлісу

Премьер лига. Ширек финал. Үшінші топ | Онлайн репортаж


Қайырлы күн, достар! Республикалық Премьер лиганың ширек финалдық сайыстары бүгін тәмәмдалмақ. Резервтегі командалардан қазылар алқасы шешімімен жартылай финалға жолдама алатын командалар да бүгін шешіледі.
Командалар:

«Жаңаөзен жастар құрамасы», Жаңаөзен

e12b24

 

«Сырдария құрамасы», Жетісай

 

«Алмалы», Алматы

869132

 

«Жаным», Семей

0a62c2

«Қармақшы құрамасы», Қызылорда

 

«Мардан ұландары», Шымкент


Қазылар алқасы: Нұрмахан Мұқанұлы, Қасиет Кәрім, Алмас Тоқабаев, Нұрболхан Шарапов, Жарқын Түсіпбекұлы
Жалпы тақырып: Негізгі бөлім. Балалар әдебиеті

Көрермен ептеп жиналуда. Бірнеше минутта бастаймыз.
Кеттік!!!
Командалар өз таныстыруларын бастады. Үздік «танЫЫЫстырған өздерін» «Жаааным».

«Сәлемдесу» сайысы

Тақырып: «Балалық шаққа саяхат»
«Мардан ұландары». Жаңа құрам. Толықтай жаңа. Шеттен шығатын екі ойыншылары бар екен. Екі орыстың және екі шымшықтың әңгімесі. «Титаник»-тің астаналық нұсқасы. Ханның кеңсесі. Бастапқы әңгімелері ойынның әдемі бастамасы болды. Көрермен командаға риза.
«Жаным». Залды төңкеріп тастай алатын жаңа ойыншы алған екен. Черлидерлер биі. Гимнаст қыздардың ұйқыдан оянуы. Қонақ келген кезде аналарымыз бізді қалй қинайды, бұл жағдай барлығының басыган өткен. Сүйіктілері Жайдарманға арналған әнмен тәмәмдады. Жақсы дерліктей. Көрерменге ұнаған секілді.
«Жаңаөзен жастар құрамасы». Мұнай шомылып өскен жастар. Алғашқы әзіл: аукцион. Шыңғыс хан егер бүкіл әлемді жаулап алса, уәзірлердің «даты» ерекше. Қазақстан футбол құрамасы ойын кезінде. Ауылдың балалары алғаш рет қымбат бутикте. Алып қашқан қыздың ата-аналарына хабаршы келеді. Алайда, ол қыздың екі баласы және күйеуі бар екен. Жақсы. Өздеріне сенімсіздеу көрінді.
«Сырдария құрамасы». Әңгімелері ерекше әдемі. «Ойнатулары» да. «Ақсерек, Көксерек» ойыны әдеби нұсқада. Зал ду күлкіде. Керемет ойын.
«Қармақшы құрамасы» Мерекені өздері тағайындайтын команда. Романтик тонаушы. Ерте есейген бүлдіршін. Ертедегі ұшықтау. Ренжіген қойлардың көтерілісі. Көрермендерге шынымен қатты ұнады ма, әлде жанкүйерлері көп пе, белгісіз. Әйтеуір, шапалақтарын аямады.
«Алмалы». Астанада жүрген алматылықтарды әкелгісі келген. Алайда, елордада барлығы шымкенттік. Сондықтан, бұл ой іске аспады. Бірақ, команда құрамын жаңартқылары келіп, Жақсы ойын. Соңындағы шарларды санамасақ.
«Сәлемдесу» бойынша ұпай сандары:
«Мардан ұландары» 44244 3.6
«Жаным» 34232 2.8 + 0.2
«Жаңаөзен» 34343 3.4
«Сырдария құрамасы» 55555 5
«Қармақшы» 34443 3.6
«Алмалы» 34332 3

«Қайым айтыс» сайысы

««Сырдария құрамасы» 44544 4.2
«Мардан ұландары» 44343 3.6
«Жаңаөзен жастар құрамасы» 33443 3.4
«Жаным» 53543 4
«Қармақшы» 33443 3.4
Алмалы 33443 3.4

Бір көрініс

Тақырып: «Үй жұмысы»
«Алмалы». Табиғатқа демалысқа шыққан жастар. Жеуге алып шыққан тағамдары бұзылып кеткен. Ал оны жеген жігіттің денсаулығына әсер етіп, миында ауытқулар пайда бола бастайды. Ертегі кейіпкерлерін көзіне елестеп, есіне адасады. Достары көмектесу амалдарын іздестіруде.
«Жаным». Түрлі ертегідегі Арулар бір көріністе. Күлше қыз, Қызыл телпек, Ұйқыдағы ару және тағы бір маскалы кейіпкер Түйме қыздың сән салонында шаш, тырнақ, беттерін әрлетуге келген.
«Мардан ұландары». Құдалықтан келе жатқан әже. Әзілге жақын әже. Африкадан құдалықтан келе жатқандықтан болуы керек, сол көңіл-күймен автобусқа мінген аруды жолушы жігітпен таныстырып, табыстыруға кіріседі.
«Жаңаөзен жастар құрамасы». Жастар орманға демалуға шығады. Орманның өз сиқыры бар. Әр ертегіні қалауыңдағыдай өзгертіп алуға болады. Мысалы, Қызыл телпек дулығамен, Қызыл телпек сарбаздарымен, Қызыл текпек телпексіз, төртбұрышты Бауырсақ немесе «Жаңаөзендегі барлық жастар жұмыспен қамтылған» ертегісі.
«Сырдария құрамасы». «Бауырсақ» ертегісінің өзгеше нұсқасы. Бауырсақ әр үйге таратылып кеткен ағалары «Жеті шелпекті» іздеп жолға шығады. Жолдағы түрлі қызықтарға кезігеді. Тіпті, ғашық боп қалады бір аруға…
«Қармақшы құрамасы». Бірнеше ертегіден ассорти. Гарри Поттер Мақта қызды айттырып келеді. Англиядан келген күйеу жігітті Желаяқ, Саққұлақ, Жиренше шешен қарсы алуымен ерекше. Сиқыршы жігітпен танысып, білісіп, жөн сұрасып жатқанда қалыңдықтың өз сүйіктісі бар екені анықталады.
«Бір көрініс» сайысы бойынша ұпай сандары:
«Мардан ұландары» 33244 3.2
«Жаным» 32233 2.6
«Жаңаөзен жастар құрамасы» 33244 3.2
«Сырдария құрамасы» 54555 4.8
«Қармақшы құрамасы» 54555 4.8
«Алмалы» 23233 2.6

ҚОРЫТЫНДЫ

Жартылай финалға тікелей жолдама алғандар:
«Сырдария құрамасы» 14
«Қармақшы құрамасы» 11.4
«Мардан ұландары» 10.4
Резервте:
«Жаңаөзен жастар құрамасы» 10
«Жаным» 9.4
«Алмалы» 9
Қазылар алқасы шешімімен жолдама алғандар: «Фемида», «Алаш ұлдары», «АЭСА Ақтөбе»

«Күзге дейін» дейміз. Жартылай финалда кездескенше! Ал, бұл тартысты өткен ширек финал сайыстарын «Қазақстан» телеарнасынан өткізіп алмаңыздар!

Пікір қалдыру