22 қараша күні Алматы қаласы «Қазақконцерт» залында республикалық Бірінші лиганың финалдық бәсекесі өтті. Маусым бойы қазылар алқасының көңілінен шығып, жоғары нәтижеге қол жеткізе білген 6 команда сайысқа түсті. Олар:

«Аялдама», Алматы

«Абзал жандар», Атырау

«Тентектер юнайтед», Павлодар

«Шапалақ», Талдықорған

«ЖасStar», Қарағанды

«Ақсукент», ОҚО

Финалдық ойынға жолдама алған командалар үш кезең бойынша өнер көрсетті: 1.Сәлемдесу. 2.Бес сайыс. 3.Көрініс сайысы (жұлдызды жайдарманшымен).


Сонымен, маусым бойы төгілген термен жасалған еңбектің қорытындысы анықталды. Республикалық Бірінші лиганың тарих маусымы аяқталды.
3 орын – «Шапалақ құрамасы»
2 орын – «Ақсукент»; « Абзал жандар»
Чемпион — 2015 – « Аялдама»
Үздік ойыншы — Орынбасар Серікбай
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!