![](https://jaidarman.kz/wp-content/uploads/2021/09/2k-1-1024x682.jpg)
![](https://jaidarman.kz/wp-content/uploads/2021/09/2k1-1024x682.jpg)
«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты аясында 2021 жылдың 4-маусым күні Бейбітшілік және Келісім сарайында «Республикалық маусымашар фестивалінің» іріктеу ойындарының 2-кезеңі өтті. Аталмыш ойынға еліміздің барлық аймағынан әр түрлі командалар қатысты. Сайысқа елімізге танымал әзілкештер Ғалым Махамбетов,Марат Достаев,Еркебұлан Мырзабек қазылық етті. Бар жанарды жаулаған Жайдарман ойындарын алдағы уақытта күтіңіздер!