«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты аясында 2021 жылдың 5-маусым күні Бейбітшілік және Келісім сарайында «Республикалық маусымашар фестивалінің» іріктеу ойындарының 3-кезеңі өтті. Аталмыш ойынға еліміздің барлық аймағынан әр түрлі командалар қатысты. Сайысқа елімізге танымал әзілкештер Ғалым Махамбетов,Марат Достаев,Еркебұлан Мырзабек қазылық етті. Бар жанарды жаулаған Жайдарман ойындарын алдағы уақытта күтіңіздер!
«Миллион».Шымкент. Командалар сахнада. «Аққыр» құрамасы.