Бөлісу

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты аясында 2021 жылдың маусым айында Бейбітшілік және Келісім сарайында «Республикалық маусымашар фестивалінің» іріктеу ойындары өткен болатын. Аталмыш ойынға еліміздің барлық аймағынан 37 команда қатысты. Сайысқа елімізге танымал әзілкештер Ғалым Махамбетов,Марат Достаев,Еркебұлан Мырзабек қазылық етті.

Бар жанарды жаулаған Жайдарман ойындарын 7 арнадан тамашалаңыздар!

Пікір қалдыру