Республикалық Премьер лига. Финал | РЕСМИ ЕСЕП

14 қараша күні Астана қаласы Жастар сарайында Республикалық Премьер лига сайыстарының шешуші финалдық бәсекесі өтті. Премьер лига топтары тегершігі кең тарихқа арналған маусымды аяқтады. Маусым бойы қазылардың көңілінен шығып,  жоғары бағаға ие болған 6 үздік топ сайысқа түсті. Олар:

ASP_5912

1.«Қатынас жолдары университетінің құрамасы» —  Қазақ  қатынас жолдары университеті, Алматы қаласы

2.«Достар» — Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей «

3.«Тұран — Астана»  — «Тұран – Астана» университеті, Астана қаласы.

4.Боранқұл» — Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы.

5.«Фемида» —  Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Мемлекеттік университеті, Ақтөбе қаласы

6.«Байдың балалары»  — Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, Шымкент қаласы.

ASP_5976

Қазылар алқасының құрамында — ардагер жайдарманшы Нұрмахан Мұқанұлы, ҚР Президенті жанындағы Жастар Кеңесінің мүшесі — Жарқын Түсіпбекұлы, ардагер жайдарманшы — Алдан Жылгелді,  тележүргізуші — Жасын Қанбаев және ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары — Ернат Мұхамадиұлы болды.

ASP_6003

Республикалық деңгейде өнер көрсетіп, халықтың көзайымына айналып үлгерген үздік финалистер 3 кезең бойынша – сәлемдесу, жамбы ату, үй тапсырмасы бойынша сайысқа түсті. Қатысушы командалар үш кезең барысында өздерінің жан-жақтылығын көрсетті. «Сәлемдесу» кезеңінің тақырыбы — «Тарихтан табамын өзімді». Барлық командалар осы тақырып аясында әзілдер айтып, нағыз финалдық деңгейде ойын көрсетті. Екінші кезең – «Жамбы ату». Бұл кезеңде қазылар алқасы өзара ақылдаса отырып, әзілдері ұнамаған команданың реттік санын көрсетеді. Қазылар алқасының ортақ шешімімен  «Жамбы ату» сайысында «Қатынас жолдары университетінің құрамасы» жеңіске жетті. «Үй тапсырмасы» кезеңі бойынша әр команда «Тарих маусымының» финалдық сайысында тарихқа негізделген көрініс ойнатылды, әрине әзіл айтып көрерменді күлкіге кенелту қажет. Үш сайыстың қорытындысы бойынша үздіктер анықталды. Маусымның жеңімпазын анықтау оңай емес. Себебі финалдық бәсекеге тек қана «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» командалар жолдама алған.

ASP_6020

Жалпы, ойын жиналған көрерменнің қол қағысына қарағанда өте жоғары деңгейде өтті. Әрбір көрерменнің өз сүйікті командасы, өзінің «фавориті» болды. Десе де, «Тарих маусымының» шешуші финалдық бәсекесінде тек қана үздіктер ған жеңуге лайықты.

ASP_5959

Сонымен, ойын қорытындысы төмендегідей:

«Үздік ойыншы» номинациясы «Фемида жайдарман тобының ойыншысы Есет Мырзагазиевке табысталды. Естеріңізде болса, Есет «Астана қаласы әкімінің кубогы – 2015» арнайы жобасында да ең үздік ойыншы атанған болатын.

ASP_6250

ІІІ орын – «Тұран Астана» жайдарман тобы – 200 000 теңге

ASP_628555555

ІІ орын – «Қатынас жолдары университетінің құрамасы» және «Байдың балалары» (екі команда бірдей ұпай жинағандықтан, екі командаға бірдей орын табысталып,  әрқайсысына 300 000 мың теңге көлемінде сыйақы табысталды).

ASP_6265

ASP_6261

«Чемпион – 2015» — «Фемида жайдарман тобы – 400 000 теңге
ASP_6290

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...