Бөлісу

Республикалық Торғай орталық лигасы. Финал | РЕСМИ ЕСЕП

2015 жылғы 4 желтоқсан күні Қостанай қаласы, Балалар шығармашылық үйінде  «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ «Қостанай КВН» филиалының ұйымдастыруымен Республикалық «Торғай» орталық лигасының финалдық ойыны өтті. Қостанай облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен өткен сайысты «Қостанай КВН» филиалының директоры Марғұлан Бәкір жүргізді.

xRRr4kUOfAo

«Тарих маусымы» тарихи шолуларға толы болды. Ерекше тартысты болған ойынға «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» алты команда қатысты. Олар:

1. «Болашақ VIP» — Қарағанды Болашақ университеті;
2. «Ару.кз » — Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты;
3. «Депутат»  — М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті;
4. «Алтын белгі» — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
5. «Сөзжетпес» —  Қостанай;
6. «S-class» —  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

OXT6q1krL-A

Ойын 4 сайыстан тұрды:
Жалпы тақырып – «Қазақстан тарихы»
Сәлемдесу: 5 — 6минут. Тақырыбы:«Тарихымыз терең…» Жоғары ұпай– 5.
Сұрақ-жауап: «егер онда…».сұрақ «егер» сөзінен басталып, жауап «онда» сөзінен аяқталуы тиіс. Жоғары ұпай – 6.
Теңге алу – Зияткерлік сайыс (Тігілетін ұпай саны 0,1-0,5 аралығы)
Үй тапсырмасы: 5 — 6 минут. Тақырыбы:«Тарихи сәт» Жоғары ұпай – 6.

Қазылар алқасының мүшесі:
1. Қостанай облысы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бас маманы – Ақмарал Еркановна;
2. Бұрынғы КВН-ші, жастар жанашыры – Қанат Шипин;
3. Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары – Ерлан Қалмақов;
4. Республикалық «Торғай» орталық лигасының бас редакторы – Кәрім Қасиет;
5. І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі – Мырзахан Әлімхан.

xsrrc9jYhzA

І орын — «Депутат», Қостанай
ІІ орын — «S-class», БҚО
ІІІ орын — «Ару кз», Қарағанды облысы
«Үздік әзіл» номинациясы — «Алтын белгі» , Астана
«Жыл жаңалығы» — «Болашақ VIP», Қарағанды
«Үздік ойыншы» — Жалғасов Жәнібек , «Сөзжетпес», Қостанай.

prWRFF_MroM

Жылдың үздіктерін жеңістерімен құттықтаймыз!

Пікір қалдыру