Республикалық «Торғай» орталық лигасы. Ширек финал

19-20 мамыр күндері  Қостанай қаласы Балалар шығармашылық үйінде «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ «Қостанай КВН» филиалының ұйымдастыруымен Республикалық «Торғай» орталық лигасының 1/4  финалдық ойындары өтті. Сайыс Қостанай облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен өтті.

lnbyn0f3CfE

«Тарих маусымы» тарихи шолуларға толы болмақ. Ерекше тартысты болған ойында командалар 2 топқа бөлініп, сайысқа түсті. Сонымен, келмеген көрермен НАЗАР САЛ , ал келген халайық көргеніңізге тағы бір шолу жасаңыз! Кеш жүргізушісі — «Қостанай КВН» филиалының директоры Бәкір Марғұлан, бас редактор — Кәрім Қасиет.

 CWYBfy59738

Бірінші топ:

1.«Алтын белгі» — Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қаласы;

2.«Ақсу құрамасы» — Павлодар облысы, Ақсу қаласы;

3.«Ару.kz» — А. Құнанбаев атындағы №6 орта мектеп, Арқалық қаласы;

4.«Болашақ VIP» — Болашақ университеті, Қарағанды қаласы;

5.«Жаңа толқын» — Орал қаласы;

6.«Әзілстан» —  Қостанай қаласы;

Екінші топ:

1.«Дарын құрамасы» — Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Қостанай қаласы;

2.«S-class» — Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Орал қаласы;

3.«Депутат» — М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Қостанай қаласы;

4.«Өрлеу» — Ақтөбе қаласы;

5.«Сөз жетпес» — Қостанай қаласы;

6.«АрМПИ құрамасы» — Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты;

b0inzhdjzTU

Ойын жалпы 3 сайыстан тұрды. Жалпы тақырып – «Ежелгі тарих»

  • Сәлемдесу» сайысы – 5 минут. «Ежелден ізгі ниетпен…» (Жоғары ұпай 5 ұпай)
  • Бес сайыс (Жоғары ұпай 1 ұпай)
  • Бір көрініс сайысы – 4 минут. «Ежелден келген көрініс»

jtgKxxmMil0

1/8 финал ойындарында жинаған ұпайларына 1/4 финалда жинаған ұпайлары қосылып, екі ойынның қорытындысы бойынша жартылай финалға жолдама алған топтар:

Топтар 1/8 финал 1/4 финал Ортақ ұпай
1 «S-class» — Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Орал қаласы 12,2 9,8 22
2 «Депутат» — М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Қостанай қаласы 12 9,8 21,8
3 «Сөз жетпес» — Қостанай қаласы 12,4 9 21,4
4 «Ару.kz» — А. Құнанбаев атындағы №6 орта мектеп, Арқалық қаласы 12,2 8,8 21
5 «Алтын белгі» — Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қаласы 12,2 8,5 20,7
6 «Болашақ VIP» — Болашақ университеті, Қарағанды қаласы 11,8 8,9 20,7
7 «Дарын құрамасы» — Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Қостанай қаласы 11,6 9,1 20,7

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...