Бөлісу

Республика көлемінде кемінде 36 семинар өткізілу жоспарлануда

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты аясында 2021 жылдың 3-4-5-6 маусым күндері Бейбітшілік және Келісім сарайында «Республикалық маусымашар фестивалінің» іріктеу ойындары мен гала-концерті өтті. Аталмыш сайыстарға еліміздің барлық аймағынан әр түрлі командалар қатысты. Ойындарға елімізге танымал әзілкештер Ғалым Махамбетов,Марат Достаев,Еркебұлан Мырзабек, Рүстем Елжанов қазылық етті.

Іріктеу ойындарының барлық кезеңіне телевизиялық түсірілім жасалып, отандық телеарналардан көрсетіледі. Жайдарманның іріктеу ойындарына қатысқан командалармен Республика көлемінде кемінде 36 семинар өткізілу жоспарлануда. Өз өңіріңіздегі Жайдарман жұлдыздарымен кездескіңіз келсе, семинар-тренингтерге келіңіз. Толығырақ ақпаратты өз қалаңыздағы филиал дирекциясынан ала аласыздар.

Пікір қалдыру