Қарағанды қаласында «Жайдарман» және «Жайдарлы Жас Ұлан» топтарына арналған ойын өтті


Қарағанды қаласында «Сарыарқа» Орталық лигасының жартылай финалдық сайыстары 24 қазан күні өткізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жастарының Конгресі» және «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар ұйымдарының ұйымдастырумен өткен бұл сайысқа Орталық лиганың маусымдағы екінші ойыны. Еліміздің түкіпірінен жиылған командалар финалдық жолдама үшін сайысты.
Қатысқан командалар:
Ақадыр құрамасы
Жеті жұлдыз
VIP
Құрдастар
Күлкі терапиясы
Жұрттың балалары
Іске сәт
Ақжал жастары
Бағала
Ерекше ойын көрсеткен Көкшетаулық «Жұрттың балалары» және «Күлкі терапиясы» командаларын атап өтуге болады. «Күлкі терапиясы» республикалық Жоғары лигада өнер көрсетіп жүрген команданың жас буыны.
Бұл ойын қорытындысы бойынша 18 қараша күні өтетін финалдық сайысқа алты команда жолдама алды.
Ойынның ерекшелігі финалдық сайыста жеңіске жеткен команда келер маусымда телевизиялық жобалардың бірінде өнер көрсететін болады.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...