Бөлісу

Семейде «Жайдарман» және «Жайдарлы Жас Ұлан» топтарына арналған ойын өтті.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жастарының Конгресі» және «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар ұйымдарының ұйымдастырумен қазанның 4 күні Семей қаласында «Жайдарман» және «Жайдарлы Жас Ұлан» топтарына арналған ойын өтті.
Қалалық чемпионатының 1/2 финал ойыны өз мәресіне жетті . Апталап дайындалған топтар барын салып , көрермен мен әділ қазыларға ұнау үшін тырысып жатты . Жартылай финалға лайықты ойын болды , себебі жайдарманды сағынған көрермендер залды толтырып жіберді . Ойынның екінші жартысында өнер көрсеткен :
Тәуелсіз құрама «90 60 90»
Жарма құрамасы
Семей геологиялық барлау колледжі «Рахмет»
Абай ауданының құрамасы
Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университеті
«Армандағы арулар»
Шәкәрім ат. Семей мемлекеттік университеті
«Альянс жастары» құрамасы
Төрелік еткен жандар қатарында:
Хамитов Елдос
Бекжанов Сәкен
Амангелді Бағдат
Балтабеков Еркебұлан
Оспанов Дархан

Пікір қалдыру