Сыр елінде тартысты сайыстар

4c80f4

Мектеп оқушылары жаз мезгіліндегі демалыстарын бітіре сала, тағы да сынақ тапсырды… мектеп лигасының жартылай финалдық сайысында тапсырмаларды тиянақты орындап, командалардың басым көпшілігі жақсы нәтиже көрсете білді десек те болады. Барлығы 8 команда өнер көрсеткен жайдарман топтары «А» және «Б» топтарына бөліне отырып, өнер көрсетті.

Тартысты өткен сайысқа қазылық еткен қазылар алқасы финалдық бәсекеге төмендегі командаларға жолдама берді:
1. «Есте қалсақ»
2. «Әл-Фараби»
3. «Бес саусақ»
4. «Жас NeW»
5. «Алаш жастары»

«А» тобы бойынша өнер көрсеткен командалар:
1. 28 мың тұрғынымен мақтанатын және Тасбөгетті мақтан тұтатын «Тасбөгет жастары»
2. Әдебиет кітабын оқуға кеңес беретін «Жалынды жастар»
3. №261 орта мектептен «Әл-Фараби» жастары
4. Көбіне эфирге шыға бермейтін «Есте қалсақ» жайдарман тобы
«Б» тобы бойынша өнер көрсеткен командаларға тоқталар болсақ,
1. Жеңісті қажет ететін №12 мектептен «Алаш жастары»
2. Жанды дауыста ән айтуды әдетке айналдырған «Тұрар түлектері»
3. Тасбөгетті де Дубайға теңеген «Бес саусақ»
4. Әртүрлі кейіпте болғанымен, алдына қойған мақсаттары бір «Жас New»

Сондай-ақ, мектеп лигасының ойыны аяқталған соң іле-шала жоғары лигада өнер көрсететін командалар үшін де жартылай финалдық сайыс өткізілді. Өтімді әзілдерімен жиналған көпшілікке шынайы күлкі сыйласа керек, көрермендер риза болып тарқасты. Сонымен, қысқа әрі нақты финалға жолдама алған командаларды атап өтсек:
1. «Тұңғыш Астана»
2. «Қорқыт жастары»
3. «Қармақшы құрамасы»
4. «Арал құрамасы»
5. «Мәншүк немерелері»

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...