-
Маусым-2021 - 22.03.2021
-
Атырау жастары 10 әлеуметтік жобаның грантын ұтып алды - 09.12.2020
-
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогін Боранқұл жеңіп алды - 14.11.2020
-
4 ақпан күні редакторлық жұмыстан өтетін командалар - 04.02.2020
-
Маусымашардың екінші күні қалай өтті? - 03.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестивалі ашық - 02.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестиваліне тіркелу басталды - 05.01.2020
-
Биылғы чемпиондар — Элемент пен Фемида - 10.12.2019
-
9 желтоқсан Жоғары лига финалы өтті - 10.12.2019
-
Финалында 4 батыстық және 1 шығыстық команда - 08.12.2019
Сүйінші! Қуаныш әке атанды
«Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ әкімгері, «Жұмыр», «Арман қала», «Темір тұлпар», «Абай даңғылы, 8» жайдарман топтарының ойыншысы Қуаныш Тілегеновтың отбасында үлкен қуаныш!
Сүйкімді де сүйікті жары дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелді. 2013 жылдың 17 тамызында шаңырақ көтерген Қуаныш пен Ұлмекеннің отбасында 29 мамыр күні алғаш рет сәбидің «іңгәсі» естілді. Жайдарманшының ізін жалғар, атбайлардың дүниеге келуімен құттықтаймыз!!!
Жас-жұбайларды «әке-ана», ал олардың ата-анасын “ата-әже” атандырып, осы бір шаңыраққа ерекше бір мейірімділіктің нұрын сыйлаған сәбидің бауы берік болып, аман-есен ер жетіп, елінің азаматы болсын! Артынан іні-қарындастарын ерте берсін! Қуаныштың шаңырағындағы бұл қуаныш құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін!