Туған күндеріңіз құтты болсын, Абдусаид аға!

Бүгін «Қазақстан КВН Одағы» «Қызылорда КВН» филиалы ұжымы үшін мерейлі күн.
Себебі, Сыр жайдарманшыларының басын бір арнаға біріктіріп, толағай табыстар мен ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жету жолында қызмет жасап жүрген «Қызылорда КВН» филиалының директоры, «Қызық Орда» командасының мүшесі, ардагер жайдарманшы Абдусаид Төлегеновтың туған күні. Сонымен қатар, бұл шаңырақта қос мереке тойлануда. Ағамыздың жан-жары Құралай жеңгеміздің де жарық дүние есігін ашқан күні.
Сіздерді туған күндеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! Берекесі, шаттығы, бірлігі, бақыты ажырамаған тату жанұялардың қатарынан болғайсыздар! Бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін. Армандарыңыз — асқақ, шығар биіктеріңіз асқаралы болсын!
Тілек білдірушілер: Қызылорда жайдарманшылары!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...