Бөлісу

«Шығыс» Республикалық лигасының «Маусымашар-2016» фестивалі өтті

Өскемен қаласында көптен күткен «Шығыс» Республикалық лигасының «Маусымашар-2016» фестивалі өтті. Бұл фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен әр түрлі командалар жиналды. Ойын өте жоғары деңгейде өтті. Командалар жан-жақтан келуіне байланысты зал осы ойында лық толы болды. Фестивальге барлығы он тоғыз команда қатысты. Солардың ішінде төртеуі жергілікті командалар болса, қалған 15 команда Оңтүстік Қазақстан, Астана, Павлодар, Семей қалаларынан келген командалар. 

Республикалық лига аясында, Қазақстан Өскемен телеарнасының түсірілімімен Домбыра party бағдарламасы ұйымдастырылды. Қолдарына қазақтың қара домбырасын ұстаған  жайдарманшылар күй шертіп, әндетіп, ұлтымыздың жастары дарынды да талантты екендерін дәлелдеді.

Лиганың редакторлық жұмысына, республикалық Жоғары лиганың 2012 жылғы чемпионы «Экспресс» жайдарман тобының капитаны Фаилов Рамазан шақырылды. Әр командамен арнайы жұмыс жүргізіліп, жайдарман сахнасынан тыс дүниелер алынып тасталды. Жалпы ойынның құрылымы өте жоғары деңгейде жасалды. Ардагер жайдарманшының тәжірибесі бірден білінді.

Әрине, әрбір Маусымашар фестиваліндегідей бұл ойында Маусымашар кубогі ойнатылды. Көрермендерге де, әділ қазыларға да ұнаған команда Павлодар қаласынан келген «Драйв» жайдарман тобы. Өте әдемі стильдері бар команда, әзілдері де халыққа өтімді болды.

Маусымашар-2016 фестивалі 1/8 финал форматында ұйымдастырылды. 1/4 финалдық ойынға 11 команда тікелей жолдама алды:

1.До-мажор (Семей)
2.Шиелі (Кызылорда)
3.Қамажай (Өскемен)
4.Тарбағатай Лос-Анджелес (Тарбағатай ауданы)
5.Престиж (Өскемен)
6.Драйв (Павлодар)
7.МашФак (Павлодар)
8.Теміржол тарландары (Астана)
9.ЖурФак (Астана)
10.Қоғалыкөл құрамасы (Қызылорда)
11. Голд (Өскемен)және 4 командаға қосымша жолдама беріледі.
Резервтегі командалар:

  1. Құрмет (Көкшетау)
  2. Ордабасы (ОҚО,Ордабасы)
  3. Селтеткізер (Өскемен)
  4. Баян сұлу (Семей)
  5. Доминант (Семей)
  6. Прогресс (ШҚО,Зайсан)
  7. Біздің қала (Астана)
  8. МедУнивер (Семей)

Айта кететіні, «Шығыс» Республикалық лигасы араға 3 жыл салып Өскемен қаласына қайта оралды. «Қазақстан КВН одағындағы» бұл өзгерістер жалпы жайдарманның дамуына үлес қосатынына сенімдіміз. 

Жазбадағы пікірлер

Пікір қалдыру