ҚАРМАҚШЫ ҚҰРАМАСЫ: Сескенбейміз! Бірақ, «Камызяки» құрамасы қайта келетін көрінеді…

Өткен жылы Республикалық Премьер Лиганың үздіктері қатарында өнер көрсетіп,көрерменнің ықыласына бөленген командалардың бірі — «Қармақшы құрамасы». Есімізде қалғаны, соңғы ойындарда да өз тұғырынан түскен жоқ. Тіпті, чемпиондыққа үміткер команданың тағдырын кішкене ғана айырмашылығы бар сандар шешкені рас. «Бұл жігіттер немен айналысып жүр, жаңа маусымда не жаңалық жасамақшы, командада өрлеу бар ма?» — деген, қызуғышылықпен сұхбат жасап көріп едік.
— «Қармақшы құрамасы» қалай құрылды?
— Біздің команданың құрылу тарихы да қызық. 2012 жылдың аяғында «ақыр заман» болады деп, майшам сатып алып, дайындалып жатқанда, біз команда құру жоспарымен шапқылап жүр едік) «Қармақшы құрамасының» негізін қалаған команда капитаны — Қыдырбеков Қайыржан. Содан бері біздің басымызды біріктіріп, идеяларды іске асырып келе жатыр. Мұнан соң да осы қалыптан таймайды деген сенімдеміз.
HiOHyyIYOA0

— Жайдарман ойындарына қалай шықтыңдар?
— «Жайдарман» ойындарына 2013 жылы маусымашардың қорытындысы бойынша келдік десек те болады. «Сыр елі» Орталық лигасына жолдама алып, сол кезден бастап алғашқы ойындарымыз басталды. Одан бөлек Қызылорда облыстық Жоғары лигада да ойнадық. Аталмыш, «Сыр елі» Орталық лигасында 2013 жылғы чемпион атанып, республикалық Премьер лигаға жолдама алдық.
— Әзілдерді қайдан, қайтіп аласыңдар және әзіл таңдағанда ең басты оның қандай ерекшеліктеріне назар аударасыңдар?
— Әзілдерді команда болып жазамыз. Арнайы автор жоқ. Командадағы жігіттер жиналып, ортаға идея тастап, бірігіп ой бөлісіп әзіл жазамыз. Әзілді ойнаудың мақсаты – үлкен мен кішіге түсінікті, халықтың көңілінен жол табатындай салмақты жеткізу. Арнайы себеппен, қазылар алқасына «өту» үшін не саясат жайлы айтып ұтымды болу үшін ойнаудан алыстау болғанды жөн көреміз. Өзімізге ұнайтын, халық дұрыс қабылдайтын дүниелер шығаруға тырысамыз.

3IxXGn5RRgQ

— «Қармақшыға» кім қолдау көрсетеді, демеушілерің бар ма?
— Осы уақытқа дейін бізгеаудан әкімдігі және аудандық кәсіпкерлер қолдау көрсетіп келді. Ылғи қаржыландырып отыратын жеке демеушіміз жоқ. Бірақ, әр ойында қол ұшын беріп отыратын ағаларға рахмет!
— Тойдан табыс табасыңдар ма?
— Тойға шықпаймыз. Тойда өнер көрсетсек, «Жайдарман» ойындарындағы әзілдерімізге әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, әзірге жоспарда жоқ. Келешекте болуы мүмкін.
— Редактурадан өткенде әзілдеріңнің қанша пайызы қабылданбай қалады?
— Бұл ішкі құпия болып қалсын. Сол жерде өтпеген әзіл, сол жерде қалғаны дұрыс болар. Кейде, тіптен жартысы өтпей қалады. Кейде, өз жоспарымыздағылары өтіп жатады. Көбінесе, өз әзілдерімізге байланысты. Бірақ, толығымен алып қалуға тырысамыз.
ll9_nkRmCzA

— Сендердің сыналған сәттерің финал болды. Чемпион болады деген болжамдар да көп айтылды. Өздерің үшін, чемпион болуға не жетіспеді? Неден қателестіңдер?
-Қиын сұрақ. Бастысы былтырғы қателіктерді жаңа маусымда қайталамау.

— «Тарих маусымында» қай команданы мықты қарсылас көресіңдер?
— Жалпы, сахнада қарсылас болып ойнағанмен, өмірде ең жақын достарымыз басқа командадағы жайдарманшылар. Ешкімді басты қарсылас көрмейміз. Бірақ, естуіміз бойынша биыл «Камызяки» қайта келіп жатыр дейді. Соған қарап, біз де дайындықты күшейтіп жатырмыз. Себебі, жаңа маусымның үздік үштігіне ену басты мақсатымыз!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...