Бөлісу

Қорытынды…

Негізі әр ойыннан кейін немесе эфирден соң мақала жазып отырам деген жоспардың үддесінен шыға алмадым. Жұмыстың көптігі мен уақыттың аздығы қатарласып мүмкіндік бермеді. Енді жылдың соңына қарай кішігірім демалыс алып жазып тастасам деген ниетім бар.(жұмыстан өз еркіммен шықтым айтпақшы, ұсыныстарың болса хабарласыңдар;))))
Ал кеттік;) 
Алдымен қос телевизиялық лигалардың финалдық ойындарына тоқталып кетсем. Сонымен…
Премьер-лига. Финал.
Көрермен мақтады, мақтайды, мақтап жатыр. Сарапшылар да өз пікірін білдірді. Ал мен, турасын айтайын, (енді ерекшеленуім керек қой;), премьер-лига финалында чемпиондық ойынды ешкім көрсете алмады. Жеңімпаз командалар ойыннан соң: «Брат, таза ғой, айтшы?!», деп көп сұрайды. Менің бұл финалға айтатыным, «Чемпион» лайықты, бірақ керемет ойнағандығынан емес «жағдай» солай болды. (АЭСАның көрінісі нашар болды). Мүмкін, қызылордалықтар да көпшілік те менің бұл пікіріммен келіспес, бірақ шындық сол. Мен командаларға қарсыластармен емес өздеріңмен жарысыңдар деп көп айтам. Өйткені қарсыласыңның әлсіз болғандығынан чемпион атанғаннан гөрі өзіңнің мықтылығыңмен чемпион болу әлдеқайда қымбат және тәтті болады деп ойлаймын. Келісу, келіспеу өз еркіңізде;)
Премьер-лига финалында дәл осы жағдай орын алды. Командалар өздерінің осы уақытқа дейін көрсеткен ең үздік нәтижелерінен асып түспек түгіл жете де алмады.
Егер финал тек сәлемдесуден тұрғанда «Жастар» чемпион болар еді. (Айтпақшы, бұлар тұтас команда боп «Ң» әрібін айта алмайды. Бұл кемшілікті түзету керек)
Егер финал сәлемдесу мен жамбы атудан тұрғанда АЭСА чемпион болар еді.
Егер финал Түркістанда өткенде «ХҚТУ тарифі» чемпион болар еді.
Нәтижесінде, «Тұңғыш Астана» чемпион болды. Қалай?! Жоғарыда айтқанымдай «жағдай» солай болды.
Лайықты чемпиондық! Құтты болсын!
Бірақ мені мазалаған нәрсе қазылардың мәселесі…
Премьер-лига, жоғары лига болсын анда-санда қазылардың интеллектісі кейбір командалардың интеллектісінен төмен болуы кейде күмілжітеді кейде қуантады. Егер қазылардың орнында көрермендер отырса онда қалыпты жағдай болар еді. Өкінішке орай, олай емес. Менің айтайын дегенім «Алғабасар» Жуалы. Премьер-лигадағы интеллектісі ең жоғары команда екенін атап өткім кеп отыр. Қазылар оны бағаламады, мүмкін бағалағысы келмеді. Мүмкін кейбір қазылар айтуы мүмкін, Жуалының әзілдеріне көрермен күлмеді ғой деп. Көрерменді дұрыс әзілге үйрету командалардың міндеті. Ал команда мен көрерменнің арасында көпір бола білу қазылардың міндетіне жатады. Мен Жуалының капитаны Маратпен дос болғандығым үшін бұл команданы мақтап отырғам жоқ. Марат 2007 жылы премьер-лига чемпионы атанып қойған.
Ол да финалда керемет өнер көрсеткен жоқ бірақ 6-шы орын алатындай нашар әзіл айтпаған сияқты еді, құрметті әділ қазылар! Мүмкін бұл жерде де «жағдай» солай болған шығар…
Енді жоғары лига жайлы. ЖоғарҒЫ емес ЖоғарЫ! Жоғары лигада ойнап жүрген командалардың өзі көп қателеседі. Есте болсын дегенім ғой;)
Жайдарман тарихындағы ең әдемі финал болды деп сенімді түрде айта аламын. Әдемілігіне нұқсан келтірген тағы да сол қазылар. Ол жайлы кейінірек.
Ойын жайлы көп айтпай-ақ қояйын. Алдекең мен Нұрекең жазды ғой.
Командаларға былайша тоқталғым кеп тұр:
Жаснар – 2 конкурсқа күші жетті.
ДБ – 2,5 конкурсқа шамасы жетті
Қорқыт – 2 конкурсқа дайындалған.
ҚазҰУ – 6 конкурсқа күші жетті.
Назар аудар – 5 конкурсқа күші жетті.
Кімнің қай конкурста ақсағанын өздеріңіз бағамдап отырған шығарсыз?:)
Финалға жауапты қараған, жіті дайындалған «ҚазҰУ» мен «Назар аудар» болғасын осылар туралы айтайын. Көпшілік айтқандай «ҚазҰУ» чемпиондықты өткен маусымда алар еді егер ширатуда ширақ қимылдағанда. Бұл жолы да сол ширатуда қиналып қалды. Тек «ҚазҰУ» емес барлық командалар сол жағдайда болды.
«Назар аудардың» чемпиондығы өте лайықты. Жігіттер 5 конкурс бойы чемпиондық ойын көрсетті. Тек сол ширату мен әуенді үй тапсырмасы сәәәәл нашарлау.
Жарайды командаларға не айта берем:) Командаларға құрметім зор. Әсіресе осы 2 командаға. Командалар қолдарынан келгенін жасады. 7 конкурсқа әзіл жазу деген өте қиын. Ойынның нәтижесін жасаған сол баяғы қазылар. Әрине енді нәтиже шығару солардың құзырында ғой. Бірақ сол нәтиже әділ болса «еліміз көркейіп» кетер еді;) Меніңше, тек қана менің ойым емес көпшіліктің ойы, егер «Назар аудар» мен «ҚазҰУ» қатар чемпион болғанда «өгіз де өлмей, арба да сынбас» еді… Бірақ 1-ші күннен кейінгі жазбамда айтқанымдай қазылар ойын нәтижесін бірінші күні ақ шешіп қойды. Осы әрекеттерімен ойынның интригасын пұшпаққа шығарды.
Мейлі, мен айтқанмен нәтиже өзгермейді ғой…
Назар аудар, 3 жылдық еңбектеріңнің жемісі құтты болсын! Өткенде айтқанымдай сендер дайын тұрған тележобасыңдар, ең бастысы осы құрамды және осы қалыптарыңды жоғалтып алмаңдар! Жыл бойы тек бірінші орыннан көрініп, чемпиондық ойын көрсеттіңдер! Лайықтың лайықтысы!
ҚазҰУ, жаңа айтқанымдай, сендерді өткен жылғы чемпион деп атасақ та болады. Ширатудан кім сүрінбей жатыр. Ең бастысы сендерді сүйетін көрермен бар. Финалға қатысты ешкімнің сөзіне ермеңдер, ең бастысы сендер ойын көрсеттіңдер, чемпионға лайық ойын!

Мұнымен менің жазбам аяқталған жоқ)))) Жалпы жайдарманшыларға айтарым бар;)
Құрметті жайдарманшылар, интеллектіңді көрсету үшін саяси әзіл көрсету міндетті емес. Саясат ол мүлдем басқа тақырып. Өткенде финалдан кейін бір топ ағаларыммен осы әзіл жөнінде әңгіме қозғап, бір тоқтамға келдік. «Кез-келген халықтың интеллектуалдық деңгейін оның әзілінен білуге болады». Сондықтан, астарлы, мағыналы, интеллектісі жоғары әзілдерді көбірек жазайық! Жазу үшін, көбірек оқиық! Бұл нәрсенің тек Жайдарманда емес жалпы өмірде пайдасы орасан зор болмақ:)
Келер маусымда осы кеңестерімді керектеріңе жаратарсыңдар. Сосын, Нұрмахан тек сынай береді екен деп ренжімеңдер, мен Жайдарманның деңгейі көтерілсін деп, ішкі кухняны білгендіктен өзіміз ғой деп айтамын. Егер өзімізге өзіміздің көңіліміз толып, бір-бірімізді мақтап жүре берсек ертең:
Әй, деңгей, деңгей, деңгей,
Түстің ғой сергелдеңге сен де мендей, — дееееп жүреміз.
А так жақсы жағынан қарайсыңдар ғо;) Келесі жолы Жайдарманға қалай келгенім жайлы позитивке толы мақала жазуға уәде берем;) Аман болыңдар!
Бірақ…;)

Нұрмахан Мұқанұлы

Пікір қалдыру