Жыл бойы өткізілген жобалар туралы

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің қолдауымен жыл бойы «Жайдарман» және «Жайдарлы Жас Ұлан» ойындары өткізілді.

Жобаның концепциясы мен бағдарламасы алдын ала Тапсырыс берушімен келісілген болатын.

Ойынның қазылар алқасы құрамында елге танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері  шақырылды.

Әр ойын алдындағы редакторлық жұмыстарды «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ редакторлары Рүстем Елжанов пен Бекзат Дүйсенов жүргізді.

Іс-шара өткізумен қатар, насихат жұмыстары да қабат жүргізілді. Әлеуметтік желілерде қауымдастықтар ашылып, ақпараттар таратылып отырды. Жоба аясында әлеуметтік желілердегі парақшалар мен топтарда жалпыұлттық «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясы құндылықтарын насихаттау, сонымен қатар, «Бес институционалдық реформа» түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар тек әлеуметтік желілерде ғана емес, ойынға келген көрермендерге және қатысушыларға флаер таратылу арқылы жүзеге асырылды.

Әр іс-шара сайын баннерлер, афишалар, шақыру билеттері дайындалып, жеңімпаздарды марапаттау үшін дипломдар және сертификаттар, кубоктармен қоса, 400 000 теңге, 300 000 теңге, 200 000 теңге қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Ойындардың телетүсірілімдері жүргізіліп, монтаждалып, телеарналардан көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушылар мен ұйымдастырушылардың сахна сыртындағы іс-әрекеттері мен дайындықтарынан түсірілген бейнетүсірілімдер және фотосуреттер интернет-каналда жарияланып, әлеуметтік желілерде таратылды. Барлық іс-шара туралы ақпараттар БАҚ-да жарияланып, интернет-сайттарда жарық көрді.

Жоба аясындағы барлық іс-шаралар Астанадағы «Жастар» сары мен «Қазмедиа холл» сарайында өтті. Өткізілген ойындардың барлығына арнайы декорация жасақталып, сахналар безендірілді.

Жобаларға қатысқан аймақтардағы командаларды іріктеу жұмыстары жүргізу үшін аймақ филиалдарының қызметін үйлестіру жұмыстары жүргізілді.

Жоба аясындағы алғашқы іс-шара – «Астана күніне» арналған «Жайдарман» КВН ойындары «Жаңару кубогы» республикалық арнайы жобасы 3 шілде күні өтті. Оған еліміздің ЖОО және арнаулы оқу орындарының студенттері мен жас мамандарынан құралған 20 команда өнер көрсетті. Жеңімпаз болып павлодарлық «Чехов аялдамасы» командасы атанды. Екінші орынға Атырау облысынан келген «Құрманғазы жастары», үшінші орынға жаңаөзендік «Мұнай тамшылары» командасы  ие болды.

Келесі ойын — халықаралық «Жастар күніне» арналған «Жастар» жазғы фестивалі  9-12 тамыз аралығында «Жастар» сарайы мен «Қазмедиа» орталығының концерт-залында өтті. Алдын ала тіркеу жүргізіліп, тіркелген 72 команданың барлығы келді. Олардың арасында іріктеу жұмыстарынан кейін, фестивальдің гала-концертіне 16 команда қатысты.

Фестиваль аясында «Қазақстан КВН Одағы» Президенті Есен Елеукен, тележүргізуші Мейіржан Әлібекұлы, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ редакторлары Рүстем Елжанов пен  Бекзат Дүйсенов және «Қазақстан КВН Одағы» Авторлар құрамының мүшелері Қасиет Кәрім мен Алмас Тоқабаевтың жүргізуімен төрт шеберлік сыныбы өткізілді.

Жоба аясында өткен үшінші ойын – 22 қазанда өткен мектеп оқушылары арасындағы «Жайдарлы Жас Ұлан» республикалық сайысы. Бұл ойынға аймақтық лигалардың жеңімпаздары шақырылып, барлығы 12 команда қатысты. Жоба жеңімпазы болып алматылық «Тәтті  құрама» танылды. Екінші орынды Қостанай облысынан келген «Көшіп келгендер» командасы, үшінші орынды ақтөбелік «Осал емес» командасы иеленді.

Төртінші ойын – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жайдарман» сайысы. Ойын 11 қарашада өтті. Оған республика бойынша 15 команда қатысып, «Семей» құрамасы жеңімпаз болып танылды. Екінші-үшінші орындарды астаналық топтар «ҚазАТУ құрамасы» және «Грация» командасы иеленді.

Жоба аясында өткен бесінші ойын – 12 қарашада өткен халықаралық Студенттер күніне арналған «Жастар кубогы» республикалық арнайы жобасы. Ойынға еліміздің барлық аймағынан 15 команда қатысты. Үздік деп табылған талдықорғандық «Шапалақ» құрамасы бас жүлдені жеңіп алды. ІІ орынды алматылық «Ханшайым иеленсе, ІІІ орынды ақтөбелік «Фемида» командасы алды.

Жоба аясындағы ең соңғы шара – 26 қарашада өткен «Қоғамдық тыңдау». Жиынға «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ жетекшілерімен қатар, танымал тұлғалар, журналистер, блогерлер және  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаменті басшылығы қатысты.

 «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Президенті Есен Елеукен жоба аясында өткен шаралар туралы нақты ақпараттар беріп, қысқаша шолу жасады. Сонымен қатар алдағы жоспарларымен бөлісті. Қоғамдық тыңдауға қатысушылар жобамен қатар ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаменті басшысы Ғабидолла Оспанқұловқа да жастар саясаты туралы сұрақтар қойды.

«Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ әкімшілігі

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...