Бөлісу

Қызылордада өткен «Жайдарман» және «Жайдарлы Жас Ұлан» топтарына арналған ойын


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жастарының Конгресі» және «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар ұйымдарының ұйымдастырумен қазанның 24 күні Қызылорда қаласында «Жайдарман» және «Жайдарлы Жас Ұлан» топтарына арналған ойын өтті. «Жайдарлы Жайдарман» атты фестивальге Қызылорда қаласының жоғары оқу және орта арнаулы оқу орындарынан жалпы саны тоғыз команда қатысты.
«ҚМУ жастары», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«Бес саусақ», №257 мектеп
«БМК жастары»
«БУ құрамасы», Болашақ университеті
«Нан соғар», №171 мектеп
«Сыр жастары», Болашақ университеті
«Қорқыт жастары», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«Біз ашылдық», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«Қазақ радиосы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Пікір қалдыру