Қызылорда облыстық супер лига ойыны өтті

Бар жанарды жаулаған жайдарманның кезекті сайыстары да Қызылорда өлкесінде өткізілді. Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өткен облыстық супер лига өз деңгейінде болды. Айта кетейік, сағат: 16.00 және 18.00 яғни екі сағатқа бөлініп «А», «В», «С», «Д» топтарына тиесілі командалар ретімен өнер көрсетті.

Y21XauhLztE

Ойын барысында қағытпа қалжыңмен көпшілікті күлкіге қарық қылған командаларға тиісті ұпай сандарын әділ қазылар алқасы ақылдаса келе, үлестіре білді. Дегенмен, бұл сайыста барлық командалар келесі сайысқа толықтай өтті деуге болады. Алдағы сайыста ұпай сандарын реттей келе, алдыңғы қатардағы жайдарман топтарын іріктеп алуға  негіз болады деп күтілуде.

7rnyCmW-nAY

Дегенмен, бұл ойын барысында «Үздік» деп танылған командалар мен «Үздік ойыншы» деп танылған жайдарманшының еңбектері де бағаланды. «Жас Отан» Жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалының «Арнайы кубогін» Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  атынан сайысқа қатысқан «ҚМУ жастары» жайдарман тобы еншілесе, «Үздік ойыншы» атағына  Арал қаласының «Жас NEW» командасының ойыншысы Жеңісбек Сейдалиев лайық де танылды.

dFR4w2Jtfio

Сонымен, сайыста өнер көрсеткен командалардың ұпай сандарына тоқталып өтсек:

«А» тобы:

  • «Денсаулық сақшылары» жайдарман тобы – 4,8
  • «Асу» жайдарман тобы – 5
  • «Алты Алаш» жайдарман тобы – 6
  • «ШИАК» жайдарман тобы – 4,8
  • «Жас New» жайдарман тобы – 7,8

WYzYlmG_GhE

«В» тобы

  • «БМК құрамасы»  — 4,6 ұпай
  • «Киаптан бар» жайдарман тобы – 4,8
  • «Абылай хан құрамасы» — 5,8
  • «Қыз Жібек» Қыздар клубы – 6,2
  • «Тереңөзек құрамасы» — 6

WYzYlmG_GhE

«С» тобы:

  • Өркениет колледжінің құрамасы – 4,8
  • «Шиелі жастары» құрамасы – 4
  • «Жаңақорған құрамасы» жайдарман тобы- 7
  • «Бу құрамасы» жайдарман тобы  — 7
  • «КГЭК» жайдарман тобы  — 5
  • «ҚМУ құрамасы» жайдарман тобы – 8

oHp3ePOhM78

«Д» тобы:

  • «АИТК құрамасы» — 4,6
  • «Қазаңғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің құрамасы – 5,6
  • «Мәншүк құрамасы» — 6,2
  • «49 құрама» — 4,6
  • «Қармақшы құрамасы» — 6,2
  • «Өмір Юмор» жайдарман тобы – 4,8

rxtM_zULrp8

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...