«Қызық Орда» шығармашылық ұжымы сәбилердің көңіліне қуаныш ұялатты

36243e

«Бұл өмірдің мәні де, сәні де-балапандарымыз»-деп айтуға толық негіз бар. Өмірдің гүлі, ұрпақ жалғасы, отбасының берекесі, байлығы, ажары бола білген бүлдіршіндерімізге ғана тиесілі мерекені Қызылорда жайдарманшылары жаздың алғашқы күнімен бірге қарсы алды. Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тікелей қолдауымен «Қызық Орда» шығармашылық ұжымы балалар мерекесінде періштелеріміздің ажарындағы шынайы күлкінің куәгері болды.
Жайма шуақ жаздың алғашқы күнінде таңертеңгілік қалалық демалыс саябағында тәтті құмар балақайларға тегін балмұздақтар үлестірді.Артынша қызықты ойындар ойнатылып, сәбилердің көңіліне қуаныш ұялата білді. Сондай-ақ,өлең шумақтарын, тақпақтарын айтып, өнерлерін ортаға салған кішкентайлар сыйлықсыз қалмады.
комеди1Сондай-ақ, кешкі 20.00 де қалалық демалыс саябағында мерекелік шара жалғасын тапты. «Қызық Орда» шығармашылық тобының құрамындағы «Қорқыт құрамасы», «Тұңғыш Астана», «Қорқыт жастары», «Қармашқы құрамасы» жайдарман топтарының қатысуымен мерекелік концерт өткізілді. Ұтымды өзілдерімен көрермен назарына іліккен жайдарман топтарының өнерлеріне 1000 нан аса халық куә болып, риза болып тарқасты. Осымен, дәстүрге айналған «ЗЕ КӘМЕДИ ПАРК» жайдарман шоуы алдағы уақытта да өз көрермендерін мереке күндері қуантып тұратын болады. комеди 2Тәуелсіз еліміздің келешегі — өскелең ұрпақ. Ендеше, өскелең ұрпақтың бақытты балалық шағы, тәрбие тәлімі мен білім алуы үлкендер алдындағы міндет. Міндеттерін атқара білген Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасына және «Қызық Орда» шығармашылық тобының жұмыстарына сәттілік тілейміз.

Айтпақшы түс ауа қала орталығында орналасқан «ОРДА» мейрамханасында«Тұңғыш Астана» жайдарман тобының жүргізуімен балалар үйіндегі кішкентайларымызға қызықты отырыс өткізілді. Қайырымдылық шара барысында періштелеріміз түрлі ойындар ойнап, ертегі кейіпкерлерімен бірге би билеп, ән айтып, көңіл көтерді. комеди3

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...