Бөлісу

«Әдебиет маусымы» чемпиондары. Олар жайлы не білеміз?

«Әдебиет маусымы» өз кейіпкерлерімен естеріңізде шығар?! Әрине, олар — чемпиондар! Біз республикалық лигалардың баршамыз білетін чемпион командаларымен жақынырақ таныстыруды жөн санадық.
Жалпы шолу жасасақ:
1. Республикалық Жоғары лига — «ҚазҰУ құрамасы»
2. Республикалық Премьер лига — «Сырдария» құрамасы»
3. Республикалық Алматы Ашық лигасы — «Жұлдызды жігіттер »
4. Республикалық «Батыс» орталық лигасы — «Грант»
5. Республикалық «Ертіс бойы» орталық лигасы — «Тентектер United»
6. Республикалық «Әулие ата» орталық лигасы – «Оныншы планетa тұрғындары»
7. Республикалық «Сарыарқа» орталық лигасы — «Депутат»
Лигалардың ең жоғарысы — республикалық Жоғары лига. Сөзсіз, бірнеше жылдар бойы вице-чемпион болып, әбден тәжірибе жинаған «ҚазҰУ құрамасы» жеңіске лайық болды. Үш жылдық еңбектері жемісін берді. Команданың алғашқы құрамы 2008 жылы құрылса, 2011 жылы қазіргі құрамда өнер көрсете бастады.
zOmIf60zRbw
«Әдебиет маусымы» шын мықтыларды даралап шығарған жыл болды. Республикалық Премьер лига ойындарындағы чемпион «Сырдария» құрамасы осыған айғақ. Олар Алматы Ашық лигасында жеңімпаз болып, Премьер лигада көрерменге жаңалық болған топ. Осыдан кейін, команда «Маусымашар» фестиваліне келгенде-ақ, ерекше стилімен көпті таң қалдырды. ОҚО, Мақтаарал ауданы, «Сырдария» университетінің студенттерінен құралған команданың капитаны — Марат Сәрсенбаев.

ErsainErgenbai-93

«Жұлдызды жігіттер» аттары айтып тұрғандай, иығында жұлдызы жарқыраған, ҚР Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлерінің әскери институтының командасы. 2010 жылы құрылған. Есте қалған болар, 2014 жылы Астана қаласы әкімінің кубогінде ІІІ орын алған жігіттер, мұнан кейін Алматы Ашық Лигасының чемпионы атанды.
EDIzzcMgAEw

Республикалық «Батыс» Орталық лигасының биылғы чемпиондары — оралдық «Грант» жайдарман тобы. Жерлестері «Назар аудар» командасының жолын қуып, ізін басып келе жатқан жас жайдарманшылар келесі маусым Премьер лигада.
eRfP7WxLMqA

«Тентектер United» Екібастұз қаласының жайдарман командасы. Республикалық «Ертіс бойы» орталық лигасының биылғы чемпиондығын иеленген де осы «тентектер».
B0JsDFYaQo4

«Оныншы планета тұрғындары» құрамасы тек қыздардан құралған команда. 2013 жылы «Тараз қаласы әкімінің кубогын», 2013 жылы «Супер кубок», 2014 жылы Шу қаласы «Күзгі кубок» , Тараз қаласы «Үздік әзіл», 2014 жылы Республикалық «Әулие ата» орталық лигасының чемпиондары.
sUi3Z38UtyI

Республикалық «Сарыарқа» орталық лигасының чемпиондары — «Депутат» командасы. Қостанай қаласының намысын ту еткен бұл команда 2010 жылы құрылды.

iirGOuDlqg8

«Әдебиет маусымы» осылай қорытындыланды. Әр команда өз еңбегіне қарай бағаланды. Бабы мен бағы қатар шапқан үздіктер өз мәресінің жеңісін тойлап, бірі «демалысқа» кетті, бірі келесі маусымды тағатсыздана күтуде. Ал, біз барша командаларға «Тарих маусымы» сәтті бастамаларға толы болсын дейміз!

Пікір қалдыру