Өскемен КВН филиалы

«Өскемен КВН» филиалы 2011 жылы филиал ретінде тіркелген. 2009 жылдан бері бейресми түрде жұмыс істеген. 2011-2012 жыл аралығында Айбеков Елдос филиал директоры болған. Кейін 2012 жылы филиал директоры қызметіне Түсіпбаев Ақбарға келген. Аталған директор 2 жыл ішінде филиал жұмысын біршама дамытып, 2014 жылы қызметін Бердімұрат Сейфуллаға ұсынды. Қазіргі уақытта аталған директор филиал жұмыстарын атқарып келеді.

«Өскемен КВН» филиалы 2012 жылы Республика бойынша «Үздік филиал» атанған болатын. Сонымен қатар, 2012 жылы Өскемен қаласында «Шығыс» орталық лигасын өткізуге жолдама алған. Сол лиганы жеңіп алған «ЖасНАР» жайдарман тобы сол жылы Премьер лиганың жеңімпазы болып, 2013 жылы Жоғары лиганың финалына жеткен. 2013 жылғы «Шығыс» орталық лигасының чемпионы «Ақмешіт» және 2 орын иеленген «ЖасStar» жайдарман тобы 2014 жылғы маусымда Премьер лигаға жолдама алған болатын. Аягөз ауданының «Аягөз құрамасы» жайдарман тобы 2013 жылы Премьер лиганың финалына жетіп, 3 орынды жеңіп алған болатын.

«Өскемен КВН» филиалы бойынша 10 лига жұмыс жасайды: Шығыс Қазақстан облыстық лигасы, Өскемен қалалық лигасы, Өскемен мектеп лигасы, Зайсан қаласының лигасы, Жарма ауданы лигасы, Аягөз ауданы лигасы, Абай ауданы лигасы, Бесқарағай ауданы лигасы, Көкпекті ауданы лигасы және Үржар ауданы лигасы. Филиалға жалпы облыс бойынша 30-ға жуық команда тіркелген және 40-қа жуық аудандық командалар бар. Республикалық деңгейде 5 команда өнер көрсетеді.

«Жігіттер» және «Қаймақтар» жайдарман тобы республикалық Аймақтық лигада, «Селтеткізер» жайдарман тобы республикалық «Ертіс бойы» Орталық лигасында, «Үржар әкімінің құрамасы» республикалық Премьер лигада және «Аягөз құрамасы» республикалық Жоғарғы лигада өнер көрсетеді.

Филиал қызметкерлері туралы мәлімет:

1) Бердімұрат Сейфулла. 

Туған күні: 1995 жыл 5 ақпан.

Білімі: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ.

Қызметі: «Өскемен КВН» филиалының директоры.

2) Серік Ақжол.

Туған күні: 1993 жыл, 3 наурыз.

Білімі: Қазақстан-Американдық Еркін университеті

Қызметі: «Өскемен КВН» филиалының атқарушы директоры.

3) Жұмағалиева Дариға Жалынқызы.

Туған күні: 1995 жыл, 17 мамыр

Білімі: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

Қызметі: «Өскемен КВН» филиалының әкімгері.

4) Бағдәулетова Көркем Бағдәулетқызы.

Туған күні: 1994 жыл, 26 ақпан.

Білімі: Қазақстан-Американдық Еркін университет.

Қызметі: «Өскемен КВН» филиалының аймақтық тілшісі.

5) Бауыржанова Алма Бауыржанқызы.

Туған күні: 1995 жыл, 25 қараша.

Білімі: Қазақстан-Американдық Еркін университет.

Қызметі: «Өскемен КВН» филиалының ұйымдастырушысы.

 

6) Серікбаева Ұлпан Советбекқызы.

Туған күні: 1993 жыл, 2 наурыз.

Білімі: КГКП Өскемен медициналық колледж.

Қызметі: «Өскемен КВН» филиалының ұйымдастырушысы.

7) Кеңесбекова Айнур Кеңесбекқызы.

Туылған күні: 1995 жыл, 24 наурыз.

Білімі: ШҚМТУ.

Қызметі: «Өскемен КВН» филиалының ұйымдастырушысы.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...