Өскемен қалалық лигасы. Ширек финал

fePYQVcCQIE

2015 жылғы 4 мамырда Өскемен қалалық лигасының 1/4 финалдық ойыны аясында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің кубогы өтті. Шараны Өскемен КВН филиалы мен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті бірігіп ұйымдастырды. Ойынды «Альянс» жайдарман тобының капитаны Еркебұлан Еңкебаев жүргізді. Қызықты әрі тартысты өткен ойында 12 команда бақ сынасты:

1.«Ізбасарлар» (Медколледж).
2. «Селтеткізер» (ШҚМУ).
3. «Бренд» (ТЭК).
4.  «Пысықтар» (ШҚГК).
5.  «Голд» (Еркін құрама)
6.  «2000 құрамасы» (Қ.Қайсенов кенті
7.  «Престиж» (ШҚМТУ)
8.  «Жігіттер» (ҚАЕУ)
9.  «3G» (3-мектеп)
10.  «Қамажай» (20-мектеп)
11.  «95-тер» (ШҚГК)
12.  «GQ» (НЗМ)

Ойын қорытындысы бойынша арнайы жүлделер мен орындар төмендегі командаларға табысталды:

—  «КӨРЕРМЕНДЕР КӨЗАЙЫМЫ» (10.000тг.) – «Ізбасарлар»
—  «ҮЗДІК КӨРІНІС» (10.000 тг.) – «Селтеткізер»
—  «ҮЗДІК ОЙЫНШЫ» (10.000 тг.) — Еркінбекқызы Бақытгүл

—  ІІІ ОРЫН (75.000 тг.) – «Голд»
—  ІІ ОРЫН (100.000 тг.) – «Пысықтар»
—  І ОРЫН (125.000 тг.) – «Қамажай»
—  БАС ЖҮЛДЕ (150.000 тг.) — «Престиж»

Өскемен қалалық лигасының 1/2 финалдық бәсекесіне  «Ізбасарлар», «Селтеткізер»,  «Пысықтар»,  «Голд» , «Престиж», «3G», «Қамажай», «95-тер» командалары  жолдама алды.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...