«Маусымашар» фестивалі қорытындысы бойынша республикалық Бірінші лигаға жолдама алған командалар үшін алғашқы ойын 15 және 16 наурыз күндеріне жоспарланған. Бұлардың қатарына 23 ақпан өткен Алматы қалалық «Маусымашарда» үздік өнер көрсеткен командалар қосылды. Аталған ойынның редакторлық жұмыстары басталып та кетті. Редакторлары танымал жайдарманшылар Оңдасын Құлымбетов пен Дархан Карипов және «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ президенті Есен Елеукеннің өзі редактураға қатысып отыр. Жүргізетін жаснарлық Еркебұлан Бердалиев. Командалар алдын-ала бекітілген еркін сайыс және әзіл бәйге бойынша сайысады. Командаларға сәттілік, тілеп барлық алматылықтарды әсем ойын тамашалауға шақырамыз! Ойындар күніне екі рет екі күн өтеді. Командалар төмендегідей топтастырылды.
15 наурыз
16 наурыз
Ең ҮЗДІК ОЙЫНШЫЛАРЫ Jungle TRX sport орталығының сертификатымен марапатталатын болады.
Айтпақшы, қатысушыларға «Жайдарман» ойындарынан бөлек футбол ұйымдастырылатын болады. Жайдарманшылар арасында футболға деген ерекше сүйіспеншілігі барлар өте көп. Біздің жанкүйерлер мен бақылаушылар жақсы біледі, «Шымкент жастар құрамасындағы» Тағай Нұралиев футбол десе, ішкен асын жерге қоятын жайдарманшы. Міне, осы ойынға Шымкенттен Алматыға Тағай комментатор ретінде арнайы шақыртылып отыр. Ойын өз деңгейінен әлдеқайда жоғары өтеріне сенімдіміз. Жеңімпаздарға, үздік ойыншыларға түрлі сыйлықтар дайындалды.