«Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауының Ережесі

  1. Жалпы ереже

1.1. «Алтынкөпір» халықаралық аудармашылар байқауы (бұдан әрі Байқау)Қазақстан Республикасы Мәдениет жәнеспорт министрлігінің, РесейдегіҚазақстан Республикасының елшілігінің, Қазақстан Жазушылар одағы және «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтеді.

1.2. Байқау ұйымдастырушысы: «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі.

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы халықтары арасындағы халықаралық бейбітшілік пен келісімді, өзара түсіністік, әдеби және мәдени қарым-қатынастарды нығайту;

2.2. Тіл мәдениетін дамытуға және таратуға, қазақ әдебиетінің дамуын қолдауға және насихаттауғажәрдемдесу;

2.3. Дарынды аудармашыларды анықтап, оларды ынталандыру.

  1. Аталымдар

3.1. Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі:

1) Поэзия- қазақ тілінен орыс тіліне аудару;

2) Проза — қазақ тілінен орыс тіліне аудару;

3) Поэзия — орыс тілінен қазақ тіліне аудару;

4) Проза — орыс тілінен қазақ тіліне аудару.

3.2. Әр аталым бойынша 1 лауреат және 2 дипломант анықталады.

  1. Байқауды өткізу мерзімі

4.1. Байқау 2015 жылдың 15 шілдесі мен 15 қазан айлары аралығында бірнеше кезеңбойынша өткізіледі:

1- кезең -жұмыстарды қабылдау (2015жылдың 15 шілде-20 тамыз аралығы)

2 — кезең — байқау комиссиясының жұмысы (2015 жылдың 20 тамыз-20 қыркүйек аралығы)

3-кезең — лонг-лист хабарлау (2015 жылғы 1 қазан)

4-кезең — шорт-лист хабарлау (2015 жылғы 10 қазан)

5-кезең — жеңімпаздарды марапаттау рәсімі (15 қазан 2015 ж)

4.2. Байқауға өтініш қабылдау 2015 жылғы 20 тамыз күні сағат 18.00 ге дейін жүргізіледі(Астана уақытымен).

  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу

5.1. Байқауға 18 жастан асқан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аудармашылық саласындағы мамандары қатыса алады.

5.1.1. Байқауға бұрын жарияланбаған немесе2010 жылдың қаңтарынан бастап 2015 жылдың шілде айынқоса алғанда жарияланған қазақ авторларының орыс тіліне аударған және орыс әдебиеті шығармаларының қазақ тіліне аударған көркем аудармалары қабылданады.

5.2. Әрбір қатысушы бір автордың 300 поэтикалық қатардан (700 қатардан аспауы тиіс) тұратын аудармасын поэзиялық мәтінді аудару номинациясы бойынша және бір автордың 1 баспа парағынан кем емес (2 баспа парағынан аспауы тиіс) аудармасын прозалық мәтінді аудару номинациясы бойынша жібере алады.

5.3. Аудармамен қатар қатысушы автордың жұмыс авторының және жариялаған баспа органының нұсқаулығымен қатар, жұмыстың түпнұсқасын тапсыруы тиіс.

5.4. Байқау жұмыстары *.doc *.docx форматтарында электрондық нұсқада өткізілуі тиіс. Сканерленген жұмыстар қабылданбайды.

5.5. Байқауға балағат лексикадағы, ұлтаралық және діни араздыққа жетелейтін экстремизмдік мазмұндағы шығармалар қабылданбайды.

5.6. Әрбір қатысушы 20 тамызға дейін белгіленген нысан бойынша бөлек-бөлек өтініш бере отырып, байқаудыңбарлық аталымына қатыса алады. Өтінішке қол қою арқылы, қатысушы ол ұсынылған аударманың авторы болып табылатындығына және әлдекімнің авторлық құқығы бұзылмайтындығына кепілдік береді.

5.7. Белгіленген мерзімнен кейін тапсырылған жұмысы үшін және тапсырылған жұмысы5.3., 5.4., 5.5., 5.6. тармақтарына сай келмейтін болса, өтініш берушігебайқауға қатысу құқығы берiлмейді.

5.8. Байқауға қатысу тегін. Байқауға қатыстырылған жұмыстар кері қайтарылмайды және түсініктеме жасалмайды.

 5.9.Байқау ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып жұмысты жариялауға және басқа жағдайларға қолдануға құқылы. Байқауға қатысу   осы шартқа келісілген боп табылады.

  1. Жұмысты тапсыру

 6.1. Өтініш беру және жұмысты қабылдау www.altynkopir.kz сайтында жүзеге асырылады.

Барлық сұрақтар бойынша info@altynkopir.kz электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз.

  6.2. Жұмыстар байқау комиссиясы бекіткен әдістеме мен ереже бойынша  бағаланады.

 6.3. Байқау жеңімпаздарын Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын әдебиет және көркем аударма саласындағы беделді мамандардан құралған байқау комиссиясы анықтайды.

6.4. Байқау нәтижелері бойынша қазақ тілінен орыс тіліне аударылған және орыс тілінен қазақ тіліне аударылған жеңімпаздардың шығармалары бойынша 2 жинақ әзірленетін болады.

6.5. Байқау қорытындысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ресми сайттары мен еліміздің басқа да сайттарында жарияланады.

6.6 Жеңімпаздарға іссапар шығындары Қазақстан Республикасындағы бекітілген нормативтерге сәйкес ұйымдастырушылар тарапынан төленеді.

  1. Марапаттау

 7.1 Байқаудың әрбір аталымдағы жеңімпаздары дипломмен,гүл шоқтарымен  және қаржылай сыйлықтармен марапатталатын болады: (1- орын — 200 000 теңгеден; 2- орын — 150 000 теңгеден;3 орын — 120 000 теңгеден және ынталандыру сыйлығы 100 000 теңгеден) .

  7.2 Марапаттау рәсімі Алматы қаласында 2015 жылдың 15 қазан айында өтеді.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...