«Маусымашар-2018» фестивалінің алғашқы күндері

«Маусымашар-2018» Жайдарман фестивалінің екі күні де жұмыс өнімді болды.

Бүгінгі үшінші күн де жемісті өтіп жатыр. Осы күндерге бір шолу жасап, жеңістеріміз бен айтулы шараларды қорытындылайық.

«Жарасым» маусымына Жайдарманның ресми сайты арқылы еліміздің түкпір-түкпірінен бұрын-соңды болмаған командалар саны тіркеліп үлгерді. Жайдарман — Қазақстанның белсенді, өнерлі жастарын бір шаңырақ астына жинаушы орта, тәрбие-тәлім беріп, өнерін шыңдаушы мектеп. 594 команданың бұл маусымда ойнауға ниет білдіріп, Жайдарман әлеміне жасаған қадамдары бізді қуантады. Әрқайсысының жаңа маусымнан күтері көп, жаңалығы мол, мақсаттары айқын.

5 ақпанда «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «Маусымашар 2018» Республикалық Жайдарман фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Жайдарман дәстүрі бойынша «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ президенті, Республикалық «Жайдарман» әзілкештер мен тапқырлар сайысының жүргізушісі Есен Елеукен «Жарасым» маусымын ашық деп жариялады!

«Хан Шатыр» кубогы өткізіліп, 7 команда арасында тартысты бәйге болды. Олардың арасынан топ жарып, көрермен көңілін таба білген «Апорт» (Алматы) командасы кубок жеңімпазы атанып, «Хан Шатыр» жағажайында демалуға мүмкіндік алды.

Командалармен редакторлық жұмыстар «Қазмедиа» орталығында жүргізіліп, оның онлайн трансляциясы Жайдарманның youtube.com-дағы ресми каналында көрсетілді. Көрермендермен үнемі кері байланыс жасау — Жайдарман мақсаттарының бірі.

Ақпан айының 6 жұлдызында мектеп оқушылары арасында «Жайдарман» ойындары өткізіліп, мектеп жасындағы балалардың Жайдарманға жасаған алғашқы қадамдары сәтті болды. Әділ қазылар шешімі бойынша өз қатарластарының ішінен үздік деп танылып, 1 орынға ие болған команда — «Бір үйдің балалары».

Редакторлық жұмыстар әлі де жалғасуда. Алдағы уақытта гала-концертте өнер көрсететін командалар анықталып, оның бағдарламасы толығымен жинақталады. Лигалар бойынша сертификаттар табыстау, «Jaidarman AWARDS» марапаттау кеші күтілуде. «Маусымашар 2018» фестивалінің басты және бірегей деп есептелетін гала-концерттері 9-10 ақпан күндері «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтеді. Билеттер әлі де сатылымда.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...