Астаналық жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне арналған «Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының» ММ қолдауымен «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Астана КВН» филиалы ұйымдастыруымен Астана қалалық біріншілігінің «Маусымашар — 2016» фестивалі 13 наурыз күні өтті. Кешкі сағат 17:00-де елорда жастары «Жастар» сарайына жинала бастады. Барлық оқу орындарынан 43 команда өтініш білдіріп, «Маусымашарға» тіркеліп, 11-12 наурыз өткен редакторлық жұмыстар нәтижесінде 17 команда гала-концертте өнер көрсетті. Биылдан бастап, астаналықтар үшін жаңа редактор — «Тарих маусымының» чемпионы Бұхар Марат.
Ойынды бұдан алдынғы маусымдағыдай «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Астана КВН» филиалының директоры Нұрлыбек Асанбаев жүргізді.
Фестивальде елорданың танымал әншілері «Тенор.кз» тобы өздерінің жайдарманшылар арасында танымал боп үлгерген «Жымиып күл» әнін орындады.
Ойында командалар төмендегі реттілік бойынша өнер көрсетті:
- «Арман қала» — Энергетика және байланыс колледжі
- «Арнайы» — «АСУ» колледжі
- «Болашақ жастары» — еркін құрама
- «АТЭК құрамасы» — Астана техника экономикалық колледжі.
- «Қараөткел құрамасы» — Қараөткел ауылы.
- «Қонаев жастары» — Дінмұхаммед Қонаев атындағы университеттің колледжі.
- «Оң жақ жағалау» — Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
- «Грация» — Қазақ Технология және Бизнес университеті
- «Қаржы академиясы құрамасы» — Қаржы академиясы
- «Тұран жастары» — Тұран Астана университеті
- «Гимназия құрамасы» — Сарыарқа ауданы.
- «4-корпус» — Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
- «Жеті жұлдыз жастары» — Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі
- «Дежавю» — Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
- «Бәсеке» — Қазақ экономика қаржы және халықаралық сауда университеті
- «Тарихта бар» — Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті.
- «Жібек жолы» — Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Бұл командалармен қатар, тағы бірнешеуі қалалық чемпионатқа қатысатын болады. Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігінің келесі ойыны сәуір айының соңына жоспарланып отыр. Жайдарманшыларға «сәттілік», ал көрермендерге «қош келесіздер» дейміз.