Астананың 2018 жылғы финалистері анықталды

Маусымның ең шешуші ойыны жартылай финал екені бәрімізге аян😊
27 қазан күні Астананың 20 жылдығына арналған қалалық біріншіліктің жартылай финалында елорданың оқу орындарының студенттері және еркін құрамалардан құралған 12 команда өнер көрсетті.


Қазылар құрамында: еліміздің намысын Ресейде қорғап жүрген «Қорғалжын құрамасы» КВН командасының ойыншысы- Айтмұхамбет Көлбай, биылғы жоғары лига финалисі «Боранқұл» жайдарман тобының ойыншысы — Тұрар Сәулебай, тариxи чемпион «Күлтегін» тобының ойыншысы — Әділет Төлеутайұлы, «Жайдарман лайф» жобасының жүргізушісі — Шыңғыс Қожабеков, Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының бас маманы — Ақұлан Тастемір болды.

Қатысушы 12 команда «Сәлемдесу» және «Бес жаңалық» сайысы бойынша сайысты. Нәтижесінде 6 команда іріктеліп жартылай финалға жолдама алды:
• «Шабыт» — Қазақ ұлттық өнер университеті
• «МУА» — Астана медициналық университеті
• «Тұран жастары» — Тұран-Астана университеті
• «Евразиат» — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
• «Дастан» — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
• «Жаңа теx»- С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.


Басқарманың қолдауымен өтетін сайыстардан кезекте маусымның қорытындысы — Астана қалалық біріншілігінің финалдық сайыстары. Ойынның 15 қараша күні «Қазмедиа» орталығында өтуі жоспарланған.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...