13 қараша күні Астана қаласы, Жастар сарайында Астана қалалық біріншілігі Жоғары лигасының финалдық бәсекесі өтті. Маусым бойы сәтті өнер көрсетіп, финалдық бәсекеге жолдама алған 6 команда үш кезең бойынша сайысқа түсті: 1. Сәлемдесу. 2.Жамбы ату. 3.Үй тапсырмасы.
Финалдық сайысқа түскен командалар:
- Жібек жолы — Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, филология факультеті
- Қорғалжын құрамасы — Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі
- Энерго — Еркін құрама
- Астана арулары — Қазақ технология және бизнес университеті
- ҚазАТУ құрамасы — С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
- Тұран Астана — Тұран Астана университеті
Шешуiі кезеңде өнер көрсеткен үздіктерге республикалық Премьер лига ойындарының қазылар алқасы мүшесі — Нұрмахан Мұқанұлы, ардагер жайдарманшы, «Әзіл әлемі» театрының актері — Қанат Әлжаппаров, республикалық ойындардың қазылар алқасы мүшесі — Алмас Тоқабаев, «Астана ТВ» телеарнасының жүргізушісі — Мөлдір Әбдірайым, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы — Талғат Рахманберді қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімімен келесі командалар жүлделі орындарға ие болып, әр командаға бағалы сыйлықтар табысталды:
«Үздік ойыншы» — «Қорғалжын құрамасының» ойыншысы Айтмұхаммед Көлбаев – сандық фотоаппарат
ІІІ орын – «Энерго» және «Тұран Астана» — сандық фотоаппарат
ІІ орын – «ҚазАТУ құрамасы» және «Жібек жолы» — плазмалық теледидар
Чемпион-2015 – «Қорғалжын құрамасы» — үй кинотеатры