Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Ақсұңқар » қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 16-қараша 2017 жылы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атырау облыстық «Жоғарғы лига-2017» финалдық ойыны өтті. Ойынды «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Атырау облыстық филиалының директоры Ернар Сакупов жүргізді.Ойын 4 сайыстан тұрды.
1. Сәлемдесу
2. Сұрақ-жауап
3, Үй тапсырмасы
4. Финалдық ән
Ақтық мәреде 4 құрама сайысты. Олар:
1. «36 құрамасы» ( Атырау облысы, 36 мектеп гимназия )
2. «Жасбуын» ( Атырау облысы, Индер ауданы)
3. «Өрлеу » ( Ақтөбе қаласы )
4. «Тайсойған » (Атырау облысы, Қызылқоға ауданы)
Командалар қазіргі қоғамдағы мәселелерді, ащы шындықтарды астарлы әзілге айналдырып, көрермендерді әдемі көңіл-күйге бөледі.
Ойынға төрелік еткен қазылар құрамы:
Құспан Роллан — Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Нұржанов Қуантқан — «Сағыз» құрамасының ойыншысы
Қадіров Азамат — «Сағыз» құрамасының ойыншысы
Кабдулов Қуаныш — Атырау футбол клубының бас бапкері
Сапаров Жасұлан- «Сағыз» құрамасының капитаны, Атырау облыстық жайдарман филиалының редакторы
Ойын қорытындысы бойынша:
«Үздік ойыншы» номинациясына «36 құрамасы» құрамасының ойыншысы Азаматұлы Бекжан ие болды.
Финалист атағына ие болған:
«Өрлеу » ( Ақтөбе қаласы ) — 15,8 ұпай
Жүлделі орындар:
3-орын «Тайсойған » (Атырау облысы, Қызылқоға ауданы) — 17,8 ұпай
2-орын «Жасбуын» ( Атырау облысы, Индер ауданы) — 18,6 ұпай
1-орын және «Атырау облысы Жоғарғы лига-2017 кубогі»,
«36 құрамасы» ( Атырау облысы, 36 мектеп гимназия ) — 20,8 ұпай
Жайдарлы Жайдарманның келесі маусымында кездескенше