20 қараша күні Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияда Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қоры «Осений Кубок КВН» атты ресми тілде жайдарман сайысын ұйымдастырды.
Бұл ойында көп жылдан бері жайдарман ойнап келе жатқан командалармен қатар сахнаға алғаш шыққан құрамалар бақтарын сынады. Күзгі кубок үшін 5 команда сынға түсті. Олар:
- «НЕФиГА» – Атырау мұнай және газ иституты
- «Свободное плавание» — Атырау мемлекеттік университеті
- «Чудо» — Атырау гуманитарлық колледжі
- «Сборный 4ех поколений» — Атырау құрамасы
- «Сборный Jaidarman» — ҚазИИТУ және Боранқұл
Қазылар алқасының мүшелері:
- Жаннат Жұмағалиева – Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының маманы
- Таңшолпан Галимова – Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы
- Ернар Сакупов – Ардагер жайдарманшы, ойын редакторы
- Алтынай Серікбай – «Жас Атырау» жастар интернет каналының журналисті
- Руслан Ахашев – «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының төрағасы
Сайысқа қатысқан жайдарман топтары қоғамдағы өзекті мәселелерді әзілмен жеткізуге тырысып бақты. Командалар «Сәлемдесу» және «Бес жаңалық» кезеңдері бойынша өнер көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша, «Сборный 4ех поколений» бас жүлдеге ие болды.