Атырау облысында ресми тілде Жайдарман сайысы ұйымдастырылды

20 қараша күні  Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияда Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қоры «Осений Кубок КВН» атты ресми тілде жайдарман сайысын ұйымдастырды.

DUK_2832

Бұл ойында көп жылдан бері жайдарман ойнап келе жатқан командалармен қатар сахнаға алғаш шыққан құрамалар бақтарын сынады. Күзгі кубок үшін 5 команда сынға түсті. Олар:

  1. «НЕФиГА» – Атырау мұнай және газ иституты
  2. «Свободное плавание» — Атырау мемлекеттік университеті
  3. «Чудо» — Атырау гуманитарлық колледжі
  4. «Сборный 4ех поколений» — Атырау құрамасы
  5. «Сборный Jaidarman» — ҚазИИТУ және Боранқұл

DUK_2925 DUK_2941

Қазылар алқасының мүшелері:

  1. Жаннат Жұмағалиева – Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының маманы
  2. Таңшолпан Галимова – Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы
  3. Ернар Сакупов – Ардагер жайдарманшы, ойын редакторы
  4. Алтынай Серікбай – «Жас Атырау» жастар интернет каналының журналисті
  5. Руслан Ахашев – «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының төрағасы

DUK_3012

Сайысқа қатысқан жайдарман топтары қоғамдағы өзекті мәселелерді әзілмен жеткізуге тырысып бақты. Командалар «Сәлемдесу» және «Бес жаңалық» кезеңдері бойынша өнер көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша,  «Сборный 4ех поколений» бас жүлдеге ие болды.

DUK_307911111111111111111DUK_3092

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...