«Жайдарман» көрерменінің көзайымы, белгілі жайдарманшы Ақболат Өтебаев шаңырақ көтерді. 25 шілде Атырау облысы, Индер ауданында ұзату тойы және негізгі той 26 шілде күні Орал қаласында өтті. Бұл тойдың жайдарманшынікі болғасын жерде, басқалардан ерекше болары анық. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жақын-жуық, тума-туыс, дос-жаран және «Жайдарман» табыстырған жолдастардың барлығы да қуанышқа ортақтасуға жиылды. Ал, командалас серіктері «Назар аударлықтар» тойдың ұйымдастырылуының басы-қасында жүріп, аяғына дейін атқарысты. Жайдарманшыларға әкелеріндей болып кеткен жанашыр ағалары Есен Елеукен құда боп, қалыңдықты алып кетуге барды. Ал, құда бала, яғни жігіт-жолдас болған өзінің ең жақын досы Мәди Әбдуғалиев. Өте көңілді әрі қарапайым өткен бұл тойды көрген де, көрмеген де арманда.
Ақболаттың өмірлік серігі қып таңдаған аруы — қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың қызы Айнамкөз Аяш. «Тектіден қыз алсаң, ошағың сөнбейді» демекші, бүгін түскен келін ертеңгі күні отбасының ұйытқысына айналатыны сөзсіз. Айнамкөз бен Ақболат көтерген шаңырақтарының түтінін бірге түтетіп, өнегелі ұрпақ өсірер ұлағатты әке мен ана атансын деген бір тілек.
Жас жұбайларды «Қазақстан КВН Одағының» атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Ғажайып маусым чемпионының тойы ғажап өткен, бұған дәлел мына сілтемелердегі видеолар: «Қош бол, бойдақтық!»;Достарынан шашу; Жас жұбайлар. Міне, осылайша «Назар аудар» командасының тағы бір мүшесі отбасын құрды, ендігі кезек Асылұлымбек Ахметовте. Тамызда тағы да той.
Суреттер: