Бүгін Алматай Көздібаеваның туған күні!

IMG-20160208-WA0006Қазақша КВН ойындарының өмірге келуіне себепші, қазіргі Жайдарман ойындарының бастауында тұрған Алматай Көздібаева деген сүйікті апайымыз болатын. Бүгін сол кісінің туған күні. Тірі жүрсе, 59 жасқа толар еді. Өмірден өткеніне 12 жыл болып қапты.

Жалпы Алматай апайдан үйренгенім көп. Ең бірінші –шаршамау, талмау, бастаған істі соңына дейін жеткізуді сол кісіден үйренгенмін. Ол кез-келген істі соңына дейін, тиянақтап кетуді ойлайтын. Өткен қателіктерден сабақ алып, тек алға қарай жүр деп отыратын.
Қазақша КВН ойындарының дамуы, бүкіл республикалық деңгейге жетуі Алматай апайдың арман еді. Дәл қазір ол үдеден шығып келеміз деп айта аламыз.
Сонымен қатар жылда осындай уақытта маусымашар ойындары өткізіледі. Алматай Бансатдинқызын еске алып отырамыз. Тек жаны жаннатта болғай.
Біз сіздің жолыңызды жалғастыра береміз!
Қазақстан КВН ойындары РЖҚБ Президенті Е. Елеукен

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...