Көптен күттірген көктемнің алғашқы күндерінде болатын ойынның редакторлық жұмыстары өтіп жатқалы да үш күн болды. Республикалық Жоғары Лига ойындарының алғашқы топтары қызу дайындық үстінде. Редакторлар командалар әкелген әзілдің үтірі мен нүктесіне дейін қадағалап, артық-кем жерін айтып, көз елегі мен сана елегінен қайта-қайта өткізіп, халықтың алдына алып шығады. Бүгін соңғы сөз айтылып, нүктесі қойылатын күн. Біз де дайындық сәтінен бір үзік фото салып, естелік қалдырғанды жөн көрдік. Бүгінгі күн — ертеңгі тарих емес пе?! Ал, толық ойынды көргіңіз келсе, ертең сағат 19.00-де, Конгресс Холлда күтеміз! Кеш келетін көктемге дейін, жаныңызға жылулық сыйлайтын Жайдарманнан қапы қалмаңыз!