Диана ПЛАТОНОВИЧ: «Жайдарман» — берекелі отбасым!

— Сахнадан тыс Диана кім? Отбасың жайлы айтшы…
— Мен 1996 жылы, 27 маусымда Қарағанды қаласы, Нұра ауданында дүниеге келіппін. Үйде төрт жанбыз.Әкем -Анатолий, анам — Татьяна, ағам – Дмитрий және мен.
— Өзің өмірде қандай адамсың?Сені сахнадан көрген көрермендеріміз қатал, ұрысқақ қыз деп ойлайтыны жасырын емес.
— Негізі ақкөңілмін. Ел ойлағандай ұрысқақ қыз да емеспін, барынша қарапайыммын. Себебі, халықтың алдында жүрген адам қарапайым болу тиіс деп ойлаймын. Анамның айтуы бойынша, кішкентай кезімде, шошақай, төбелескіш болыппын.Бірақ, уақыт өте келе, бәрі басылды.

QgE_D8yutj8

— Мені қызықтырған сұрақ, үйде қай тілде сөйлесесіздер?
— Біз үйде қазақ тілінде қалай сөйлейміз. Иә, мен көп ұлтты, интернационалды отбасының алақанында аялап, қызғыштай қорып, қазақи салт-дәстүрлерді бойыма сіңіріп өсірген үйдің сүт кенжесімін. Отбасымыздың тірегі – әкем Анатолий, ұлты белорус, бірақ оны туып-өскен ортасы Төлеген деп атап кеткен. Отбасымыздың жүрегі — анам Татьяна, ұлты орыс, алайда, көрші-қолаң мен ағайын-туыс Тұрсын деп еркелетеді. Ағам Дмитрийді Дәуренбек деп атауының өзі қазақ халқының бауырмалдылығы мен атқойғыштығының көрінісі емес пе?!
Ал, отбасымның күнделікті өмірде бір-бірімен тек қана қазақ тілінде еркін сөйлеп, қазақ тілінде ойлауы, қазақ халқының салт-дәстүрін сақтауы – жанұямның жүрегі қазақ деп соққанының дәлелі.

eqsskh8wbPk

— Білуімше, студентсің. Қайда білім алып жатырсың?
— Қарағанды гуманитарлық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» бөлімінде білім алудамын. Болашақта өскелең ұрпаққа қазақ тілінен сабақ беретінім де еліме қосқан үлесім деп білемін.

— Жайдармандағы есте қалған, сен үшін ерекше ойын қайсы?
— Есімде… Бұл менің алғашқы ойыным болатын. 2012 жылы «Кіші кубок»алып, жеңімпаз атанғанымыз. Алғашқы жеңістің естелігі әлі де ыстық.

7m32Hjrx5lU

— Ал, Жайдарман сахнасындағы аға-апаларыңның арасынан кімді үлгі тұтасың?
— Өзім ең мықты деп білетін Жайдарманшы ол Самат ағам. Себеп те көп, өзге ұлт өкілдеріне сахнаның киелі екенін ұғындырып, Жайдарман мектебінде тәрбиелеп жүр. «Әр елдің салты басқа»демей ме, әр елдің еркелерін бір сахнада бастарын қосып, ортақ мүддеге, қазақша сөйлеуге тәрбиелеп жүр. Мен үшін бұл үлкен өнеге.

N42thuR04IA

— «ЖАЙДАРМАН» сен үшін қандай ұғым? Бұл ортадан не алдың, не бердің?
— Жайдарман — бұл үлкен бір мектеп. Жайдарман — берекелі отбасы! Әр аймақтан жиналған жастардың басын қосып, өмірлік бағыт беріп отырған мекеніміз. Көп достар таптық, көп жерлерді көрдік. Өмірдің ащысы мен тұщысын әзілге арқау етіп жүріп, өз білмегенімізді үйрендік. Мысалы, мен Жайдарман ойнағанша тұйық болдым. Ал, алғаш сахнаға шыққалы талпынсам, еңбектенсем қолымнан біраз дүние келетінін білдім. Бұл да бір сахнаның киесінен дарыған шығар. Жайдарманнан алғаным осы. Ал, мен Жайдарманға не еңбек сіңірдім?! Мұны айтуға әлі ерте. Әзірше, осы мүддеге қызмет етіп жатырмын. Нәтижесін, халық беріп жатса, сонда жауап беру де қиын болмас.
rJJU8XsJ6gY
— Әсерлі әңгімең үшін рахмет, Диана! Өнерің өрлей берсін!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...