ЕЛОРДА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Астана қаласының Оқушылар сарайында Астана қалалық «Жас Ұлан-2018» жүлдесі табысталды. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ Астана қалалық филиалы Елорданың үздік директорлары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары менен аға тәлімгерлер және көшбасшы оқушыларды жылдың қорытынды гала-концертінде марапаттаған болатын. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасында атап көрсетілген «Саналы азаматты» қалыптастырып, азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында өткізілген шарада «Қазақстан КВН Одағы» РҚБ президенті, «Jaidarman» ойындарының жүргізушісі, «Құрмет» орденінің иегері Есен Елеукен, «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ төрайымы, ҚР Президенті Құрмет грамотасының иегері Садвкасова Динара Тайбасарқызы, Астана қалалық Оқушылар сарайының директоры Іргебай Ербол Ісләмұлы үздіктерді марапаттады. Гала-концертте «Silk Way Star» Халықаралық байқауының жеңімпаздары, Халықаралық байқаулардың жүлдегерлері өз өнерлерін көрсетті.

Бұл күнде құрамында 1,5 млн-нан астам мүшесі бар «Жас Ұлан» ұйымының Астана қалалық филиалы жетекші өңірлердің бірі болып табылады. Ұйым мүшелері Астана экономикалық форумы, Триатлоннан өткен Халықаралық жарыс және осы секілді көптеген әлемдік деңгейдегі жобаларда белсенділік танытып, ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласуда. Оқу жылында тек қана ұйым қызметін ғана емес, балалар тәрбиесіменен, қосымша білім беру саласын үйлестірген мектеп директорлары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және аға тәлімгерлер «Үздік тәлімгер-2018», «Үздік директор» және арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...