Жағымды жаңалық! «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ президенті, жастардың жанашыры — Есен ЕЛЕУКЕН ағамыз «Қоғам жұмысындағы еңбегі» үшін «Халықтың сүйіктісі» сыйлығына ие болды!
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жиырма жыл ішінде Есен ЕЛЕУКЕН ылғи жас дарындардың қасынан табылып, талантты ұл-қыздарын демеп келеді. Жастардың қоғамдық шараларда белсенді болуында бір кісідей еңбегі бар ағасын жайдары жастар да ылғи жылы қабылдайды. Соның айғағы шығар, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жастар мен жас буын өкілдері «Ел ағасы- Есағам» деп, «Әкем» деп ерекше құрмет көрсетіп келеді.
Есен ағаның толассыз құттықтаулардан кейінгі, әлеуметтік желіде қуанышымен бөлісіп: «Достар, жайдары жанашырлар! Қуанышқа ортақтасып, тіпті өзімнен артық қуанып отырған жайларыңыз бар! Қоғамдық жұмыстармен айналысып, ел арасында жүргеніме жиырма жыл болыпты! Еңбегің жемісін берген шағың — халықтың ықыласына бөлену деп ұқтым! Ақ тілектеріңізге алғысым шексіз! Қолдаушылар мың жасасын!
Ал, шараны ұйымдастырушылар мен Ғалым Байтук мырзаға респект дейміз!» — деп, ағынан жарылып, өзін сүйікті еткен халқына алғысын жеткізді.