ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АРНАЙЫ КУБОГЫ

2015 жылғы 29 сәуірде Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кубогы өтті. Сайыс Астана қаласы және еліміздің басқа қалаларының мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылды.

ersayinergenbay-7

Ойынға Астана қаласы №61 орта мектебі — «61-дің  жастары» командасы, Көкшетау қаласы №17 мектеп — «17-құрама», Көкшетау қаласының 3 облыстық мамандандырылған мектеп интернаты — «Дарын жұлдыздары»,  «Екібастұз мектеп құрамасы» — Павлодар облысы,  Екібастұз қаласы, Қарағанды қаласы №65 орта мектеп — «Жұрттың балалары», «Қамажай» —  Өскемен қаласы Ахмет Байтұрсынов атындағы  №20 орта мектеп, «Отырар» — Астана қаласы №8 мектеп, «Ерке қыздар» —  Ақмола облысы, Қараөткел ауылы №2 орта мектеп, «Лицей ұландары» — Астана қаласы №73 физика-техникалық лицейі, Астана қаласы, №3 мектеп гимназиясы —  «Жігіттер» сынды мектеп оқушыларынан құралған командалар қатысты.

ersayinergenbay-92

Ойын қорытындысы бойынша,  «Қамажай» жайдарман тобы —  І орын, «Ерке қыздар» командасы – ІІ орын, ал  «Жұрттың балалары» командасы жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Сайыс жеңімпаздары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының дипломымен марапатталып, арнайы бағалы сыйлықтарға ие болды.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...